Астанада оқушыға қол көтерген мұғалім жұмыстан шығарылды

0
107

Әлеуметтік желіде сынып ішінде мұғалімнің оқушыға балағат сөз айтып, қол көтерген сәті түсірілген видео кеңінен тарады.


Астанада оқушыға қол көтерген мұғалім жұмыстан шығарылды

Фото: Pexels.com

ERNUR.KZ. Оқиға елордадағы мектептердің бірінде болған, деп жазады inbusiness.kz.

Астана қаласының Білім басқармасы аталған жағдайға қатысты ресми түсініктеме беріп, факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізілгенін хабарлады.

Ведомство мәліметінше, тексеріс нәтижесінде педагогтің әрекетіне құқықтық баға беріліп, тиісті шешім қабылданған.

– ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағы 14-тармақшасына сәйкес, тәрбиелеу функцияларын атқаратын қызметкердің моральға қайшы қылық жасауы негізінде мұғаліммен еңбек шарты бұзылды, – деп мәлімдеді басқарманың баспасөз қызметі.