Астанада мас кезінде көлік жүргізген судья қызметінен босатылды

0
81

Ведомство жанындағы Сот жюриі 22 қаңтарда шешім шығарды.


Астанада мас кезінде көлік жүргізген судья қызметінен босатылды

фото: AP Photo / Jean-Francois Badias

ERNUR.KZ. Астанада мас кезінде көлік жүргізген судья А. К. Досаева қызметінен босатылды, деп жазады sputnik.kz.
Ведомство жанындағы Сот жюриі 22 қаңтарда шешім шығарды.
"Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы А. К. Досаева судьялық әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылып, судья қызметінен босатылды", - дейді Жоғарғы сот кеңесі.
Еске сала кетейік, судья Досаева былтыр қарашада мас күйде көлік басқарған. Рейдтік іс-шаралар барысында патрульдік полиция қызметкерлері Mazda маркалы автокөлікті тоқтатқан. Көлік рөлінде судья болған.
Судьяның мәселесі жоғарғы сотта қаралды. Ішкі істер министрлігі бұл фактіге қатысты материалды Бас прокуратураға жолдаған. Ал прокуратура шара қолдану үшін Жоғарғы сот кеңесіне ұсыныс енгізген.