​ Астана әуежайы жолаушыларға үндеу жасады

0
84


​  Астана әуежайы жолаушыларға үндеу жасады

the-passenger.de

ERNUR.KZ. Астана халықаралық әуежайы Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты рейстер кестесінде болуы мүмкін өзгерістер туралы жолаушыларға ескерту жасады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі кейбір рейстер Таяу Шығысқа немесе осы өңір арқылы өтетін рейстер кешіктірілуі немесе ауыстырылуы мүмкін екенін ескертті. Жолаушылар сапар алдында өз әуе компанияларынан рейстің сол кездегі мәртебесін алдын ала тексеріп алғаны жөн.

" Астана әуежайы әуе компанияларымен тұрақты байланыста болып, жағдайды үнемі бақылауда ұстап отыр ", – делінген хабарламада.

Қауіпсіздік жағдайына байланысты халықаралық әуе компаниялары Таяу Шығыс әуе кеңістігі арқылы өтетін рейстерді жаппай тоқтата бастады. Ал Қазақстанның авиация әкімшілігі қазақстандық әуе рейстерінің бұл өңірдегі әуе кеңістігінде және оның шекарасында ұшуына толықтай тыйым салды.