Абай облысында өрт кезінде қаза тапқандар туралы жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылды

0
123

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.


Абай облысында өрт кезінде қаза тапқандар туралы жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылды

Фото: Бейнежазбадан

ERNUR.KZ. 2026 жылғы 3 наурызда Семей қаласындағы "Balapark" балалар ойын-сауық орталығында өрт орын алды, деп жазады inbusiness.kz.

Арнайы қызметтердің жедел әрекетінің арқасында адам шығынына жол берілмеді.

Алайда қала тұрғыны "Instagram" әлеуметтік желісіндегі қалалық пабликтердің бірінде өрт салдарынан 18 адамның қаза тапқаны туралы жалған ақпарат жариялаған.

Мұндай жалған мәліметтердің таралуы тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызып, қоғамдық тәртіптің бұзылуын алып келуі мүмкін еді.

"Тұрғынның жеке басы жедел түрде анықталып, оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады. 2026 жылғы 18 наурыздағы сот қаулысымен ол ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша жалған ақпаратты жариялағаны және таратқаны үшін 86 500 теңге мөлшерінде айыппұлға тартылды", – делінген хабарламада.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.