Жасалуы өте оңай пирог мәзірі!
Қажетті қоспалар:
- 50 гр. ащы шоколад
- 40 гр. какао
- 2 дана банан
- 2 дана жұмыртқа
- 1 шай қасық қамыр қопсытқыш.
Дайындалу тәсілі:
Бананның қабығын аршып, турап аласыз. Сосын блендерге банан, жұмыртқа, какао мен қамыр қопсытқышты салып, біркелкі массаға айналғанша араластырыңыз.
Қамырда бананның түйіршіктері қалмауы керек. Сондықтан жақсылап араластыруға тырысыңыз.
Пайда болған қамырды пергамент қағазы салынған формаға құйып, 180 градусқа қыздырылған пеште пісіресіз. 40-45 минутта пирог та дайын болады. Бірақ алғашқы 20 минутта пешті ашпаған дұрыс. Ал пирогтың піскен-піспегенін шпажкамен тексеріп көрсеңіз болады.
Пирогты пештен алған бойда бетіне бөлінген шоколадты қойсаңыз, еріп шыға келеді. Еріген шоколадты пирогтың бетіне тегістеп жағып шығасыз. Олай жасағыңыз келмесе шоколадты табаққа салып, жай отта ерітіп алсаңыз да ештеңе етпейді.
Пайдалы деп жеп жүргеніңіз зиянды емес пе?