Сабуров Ресейге кіруге тыйым салынғаннан кейін Қазақстанға ұшып келді

0
85


Сабуров Ресейге кіруге тыйым салынғаннан кейін Қазақстанға ұшып келді

РИА Новости

ERNUR.KZ Әзілкеш Нұрлан Сабуров таңсәріде Мәскеуден ұшып шыққан рейспен Алматыға келіп, журналистермен сөйлесуден бас тартты, деп жазады Ulysmedia.kz.

Нұрлан Сабуров Алматыға Мәскеуден келген рейспен жетті. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 04:50-де қонған. Tengri Lifeмәліметінше, әуежай қызметкерлері журналистерге әртістің келген сәтін фото және видеоға түсіруге рұқсат бермеген.

Сабуров БАҚ өкілдеріне ешқандай пікір бермей, журналистермен сөйлесуден бас тартқан. Оны бір топ адам әуежай ғимаратынан дереу алып шыққан. Куәгерлердің айтуынша, әртіс көпшілік көзіне түспеуге тырысып, әуежай аумағынан тез кетіп қалған.