Астанада маркетплейсте сауда жасауды үйретемін деп алдаған әйел сотталды

0
350

Ол тұтынушыларына салған қаражатын саудадан түскен пайдасымен бірге қайтарып беруге уәде еткен.


Астанада маркетплейсте сауда жасауды үйретемін деп алдаған әйел сотталды

Ulysmedia.kz коллажы

ERNUR.KZ. Астанада әлеуметтік желі арқылы маркетплейстерде сауда жасауды үйретемін деп, кейін тұтынушыларын табысты бизнеске ақша салуға үгіттеген қала тұрғыны сотталды, деп жазады ulysmedia.kz.

Оқиғаның мән-жайы

Прокуратураның мәліметінше, әйел алдымен оқуға келген адамдардың сеніміне кірген. Кейін оларға маркетплейс арқылы сатылатын тауарларды сатып алуға ақша салуды ұсынған.

Ол тұтынушыларына салған қаражатын саудадан түскен пайдасымен бірге қайтарып беруге уәде еткен. Алайда жиналған ақшаны өз қажетіне жұмсаған.

Салдарынан бес адам зардап шекті. Оларға келтірілген жалпы шығын 15,6 миллион теңге болды.

Алты жылға сотталды

Сот астаналық әйелді алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Бұрын да сотталғанын ескеріп, оған алты жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сондай-ақ, сот жәбірленушілердің келтірілген шығынды өндіру туралы талап-арыздарын қанағаттандырды.