​ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Жұбыңыз қаншалықты қызғаншақ?

0
166

Мұны білу артық түсініспеушіліктердің алдын алуға және шекараларды дұрыс қалыптастыруға көмектеседі


​ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Жұбыңыз қаншалықты қызғаншақ?

Сурет: ЖИ

Қарым-қатынаста сенім мен сыйластық бәрінен маңызды болғанымен, әр адамның қызғанышы әртүрлі. Бірі сүйіктісіне толық еркіндік берсе, енді бірі оның әр қадамын бақылап, аңдып отырады.

Жұбыңыздың қаншалықты қызғаншақ екенін алдын ала білу онымен болашағыңызды елестетуге, артық түсініспеушіліктердің алдын алуға және қарым-қатынастағы шекараларды дұрыс қалыптастыруға көмектесуі мүмкін.


Тоқты – 185%

Тоқтының қызғанышы шектен асып кетуі мүмкін. Жақын адамының кіммен сөйлескенін, қайда барғанын біліп отырмаса, байыз таппайды. Бірақ оның қызғанышының түбінде арам ой емес, шынайы қамқорлық пен иемденгісі келетін мінез жатады.


Торпақ – 29%

Торпақ не болса содан қызғанбайды. Ол біреуге толықтай сенім артса, күмәндануға себеп іздемейді. Алайда сенімді бір рет жоғалтсаңыз, бұрынғыдай қарым-қатынасқа қайта оралу қиын болуы мүмкін.


Егіздер – 50%

Егіздерде бәрі көңіл-күйге байланысты. Бір күні ештеңеге мән бермесе, келесі күні ұсақ-түйекке дейін сұрап, тергеуі мүмкін. Дегенмен олар ұзақ уақыт өкпе сақтамайды.


Шаян – 80%

Шаян үшін жақын адамынан айырылып қалу қорқынышы өте күшті. Сол себепті қызғанышын көбіне ішіне сақтап, үндемей бақылауды жөн көреді. Кейде оның үнсіздігі кез келген сөзден ауыр болуы мүмкін.


Арыстан – 100%

Арыстан үшін өзін басқа ешкім алмастыра алмайтынын, жалғыз екенін сезіну маңызды. Егер назарыңыз басқаға ауып кеткендей көрінсе, оны бірден байқайды. Қызғанышын жасыруға тырысуы мүмкін, бірақ мінезінен бәрібір білініп тұрады.


Бикеш – 5%

Бикеш үшін эмоциядан бұрын логика маңызды. Нақты дәлел болмаса, орынсыз қызғануды дұрыс көрмейді. Бірақ күмәнін растайтын бір белгі байқаса, бәрін егжей-тегжейлі тергеп, талдап шығады.


Таразы – 60%

Таразы қарым-қатынаста үйлесімділікті жақсы көреді. Сондықтан қызғаныш пайда болса да, бірден жанжал шығармайды. Әуелі сөйлесіп, мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысады.


Сарышаян – 10 000%

Сарышаянға сенім өте маңызды. Егер қызғанса, оны сезбей қалу мүмкін емес. Ол бәрін байқайды, есте сақтайды, тіпті өзіңіз ұмытып кеткен жайттарды да еске түсіруі мүмкін. Ал сеніміне кірген, оған сызат түсірмеген адамға бар жанын береді.


Мерген – 70%

Мерген еркіндікті сүйгенімен, өзі жақсы көретін адамдарға келгенде қызғаныш танытуы мүмкін. Бірақ ұзақ уақыт бақылап жүруден гөрі, бәрін ашық айтып, мәселені бірден шешкенді қалайды.


Тауешкі – 99%

Тауешкі эмоциясын сыртқа шығара бермейді. Сондықтан қызғанып жүргенін бірден аңғару қиын. Бірақ ол бәрін үнсіз бақылап, қорытындыны да, шешімін де ішінен шығарып жүреді.


Суқұйғыш – 12%

Суқұйғыш өзінің де, өзгелердің де еркіндігіне үлкен мән береді. Сондықтан орынсыз қызғанышты ұнатпайды. Егер сенім болса, артық сұрақ қоймайды.


Балықтар – 30%

Балықтар сезімтал болғанымен, қызғанышын көбіне ішіне сақтайды. Кейде өз ойынан өзі күмән туғызып алады. Сондай сәттерде оған көңіл бөліп, жылы сөз айтып қойса болғаны, барлық күдігі өздігінен сейілуі мүмкін.

Әрине, адамның мінезін тек жұлдыз белгісімен бағалау дұрыс емес. Дегенмен астрологиялық жұлдызжорамал кейбір қызықты сәйкестіктерді де байқатуы мүмкін.

Аударған: Төре СЕЙТХАН,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

НУМЕРОЛОГИЯ: Қандай әйелдің тілегі тез орындалады?