​ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Ол НЕДЕН қорқады? НЕГЕ қорқады?

0
210


​ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Ол НЕДЕН қорқады? НЕГЕ қорқады?

Сурет: media.istockphoto.com

Әдетте фобия шынайы өмірдегі заттармен, жағдайлармен байланысты қорқыныштардан қалыптасады. Ал кей жағдайларда адамның мінез-құлқы мен психологиялық бейімділігіне негізделеді. Төменде астрологиялық болжам жасау арқылы жұлдыз белгілерінің нақты фобиясы, оған себеп болатын мінез-құлқы, және өмірмен байланысы түсіндірілген.


Тоқты

Фобиясы: Жол апаты, оттан немесе жарылыстан қорқу

Белсенді, батыл, тәуекелшіл Тоқты шапшаң шешім қабылдайды, жылдам жүруді ұнатады. Осы динамикалық өмір салты кейде қауіп-қатерге апарып, соған байланысты қауіптену пайда болады.


Торпақ

Нақты фобиясы: Жоқшылық, үйсіз қалу, тамақ тапшылығы

Себебі, Торпақ үшін тұрақтылық пен материалдық жайлылық бірінші орында. Жоғалту, әсіресе үй, ақша, тамақ сынды дүниелерден айырылу оларға аса ауыр.


Егіздер

Фобиясы: Тұншығу, тыныс жетіспеушілігі

Егіздер еркіндікті бәрінен жоғары қояды. Олар үшін ауа, қозғалыс – бостандық символы. Сондықтан физикалық тұрғыдан тыныс жетпеу аса үлкен үрей тудырады.


Шаян

Нақты фобиясы: Үйдің өртенуі, баладан немесе ата-анадан айырылу

Отбасы мен үй ұғымы – Шаянның өмір өзегі. Сондықтан отбасына немесе үйіне төнген қауіп олар үшін ең үлкен қорқыныш.


Арыстан

Нақты фобиясы: Көпшілік алдында ұятқа қалу, назардан тыс қалу

Арыстандар үшін абырой, бедел, мойындау — маңызды. Мысалы, сахнада сүріну, жұрт алдында мазақ болу олар үшін үлкен соққы, терең үрей.


Бикеш

Фобиясы: Микробтар, ластық, гигиенаның бұзылуы

Бикештер аса ұқыпты, тым тазайын, денсаулығына көп мән береді. Перфекционизм мен тәртіпке деген құштарлық оларды гигиена мен денсаулыққа алаңдатқыш етеді.


Таразы

Фобиясы: Жалғыз қалу, әдемілік пен симметрияның бұзылуы

Белгі илерінің сұлулық пен үйлесімділікке жаны құмар. Эстетика мен серіктестікке мән беретін Таразы тартымсыз ортада болудан, сырт келбетінің бұзылуынан қорқады.


Сарышаян

Фобиясы: Қайта тірілу (зомби), бақылауда болу

Сарышаяндар құпияшыл, эмоцияны терең сезетін, қызғаншақ жандар. Құпиялылық пен билікке құштар Сарышаян үшін өз еркінен айырылып, біреудің бақылауына түсу – ауыр фобия.


Мерген

Фобиясы: Тар кеңістікте қалу (клаустрофобия), шекарадан шыға алмау

Олар еркін, саяхаттағанды ұнататын, оптимист жандар. Бостандық сүйгіш Мерген шектеулерден қорқады.


Тауешкі

Фобиясы: Билік пен мансаптан айырылу, биіктен құлау

Карьера мен жетістікке бағытталған Тауешкі үшін биіктіктен құлау – тек физикалық емес, өмірлік мағынада да қорқыныш тудырады.


Суқұйғыш

Нақты фобиясы: Электр апаты, технологиядан бас тарту, қатаң ережелер

Суқұйғыштар еркін ойлы, жаңашыл. Қатаң қағидамен, таптаурын жолмен жүрмеуге тырысады. Инновация мен еркін ойды қолдайтын олар үшін технологиялық шектеу — ауыр соққы.


Балықтар

Нақты фобиясы: Суға бату, аурухана, есірткіге тәуелділік

Балықтар – су элементі белгісі және өте сезімтал. Олар ауыр эмоциялық күйзеліс пен физикалық шектелуден қорқады.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

СҮЙІКТІҢІЗ сізге АДАЛ ма? Мынадан білуге болады...