Сурет: sun9-36.userapi.com
Көлік – жай ғана қозғалыс құралы емес, ол мінездің, талғамның, тіпті өмір салтының айнасы іспетті. Біреу жылдамдықты сүйсе, енді бірі жайлылық пен сенімділікті жоғары қояды, ал кейбірі ерекше стиль арқылы өз болмысын көрсеткісі келеді. Дәл сол сияқты әр адамның жұлдыз белгісі де оның ішкі әлемін, әрекет ету тәсілін және өмірге деген көзқарасын ашып береді.
Ал енді бір сәт ойланып көріңізші: сіз қандай көлікке ұқсайсыз? Батыл да қуатты спорткар ма, әлде сабырлы да сенімді седан ба? Әлде өзгеше дизайнымен ерекшеленетін ерекше модель ме? Төмендегі жұлдызнамалық сәйкестіктер арқылы өз мінезіңізді жаңа қырынан танып көріңіз.
Тоқты — Ford Mustang
Жылдам әрі қуатты осы көлік сияқты, Тоқты да батыл, жігерлі және тәуекелшіл келеді. Әрқашан алға ұмтылып, жаңа белестерді бағындыруды қалайды. Еркіндік пен адреналин — олардың басты қозғаушы күші.
Торпақ — BMW 5 Series
Бұл көлік пен Торпақтардың ұқсастығы көп. Екеуі де сенімді әрі сәнді, тұрақтылықты, жайлылықты және сапаны жоғары бағалайды. Асықпай, бірақ нық қадаммен жүріп-ақ көп нәрсеге жетеді. Көлік — ұзақ жолды бағындыруға, Торпақтар — материалдық және рухани байлыққа ұмтылады.
Егіздер — Mini Cooper
Шағын әрі стильді көлік сияқты, Егіздер де өзгермелі, икемді және қарым-қатынасқа бейім. Олар жаңа ортаға тез бейімделіп, әрдайым жаңалыққа құмар келеді.
Шаян — Subaru Outback
Қауіпсіз әрі жайлы көлік секілді, Шаяндар да қорғаныс ұсына алатын, қамқор бола білетін жандар. Отбасы мен жақындарын бірінші орынға қояды. Сезімталдығы мен бәрінің жанын түсіне алатын жұмсақтығы да бар.
Арыстан — Ferrari
Жарқыраған әрі көз тартарлық Ferreri үлгілері сияқты, Арыстан да сән-салтанатымен тамсандырып жүреді. Әрдайым назарда болуды ұнатады. Көшбасшылыққа ұмтылатын және өзіне деген сенімі жоғары тұлғалар.
Бикеш — Volkswagen Golf
Практикалық әрі сенімді көлік секілді, Бикеш ұқыпты, дәлдікке мән беретін және еңбекқор. Олар әр нәрсені жоспарлап, тәртіппен өмір сүруді қалайды.
Таразы — Audi A4
Сәнді әрі үйлесімді көлік сияқты, Таразы тепе-теңдік пен әсемдікті жақсы көреді. Олар әділдікке ұмтылып, адамдармен жақсы қарым-қатынас орната біледі.
Сарышаян — Porsche 911
Қуатты әрі жұмбақ Porsche 911 көлігі секілді, Сарышаянның табиғаты терең және құпияға толы. Олар өте сезімтал, табанды және өз мақсатына жетуде қайсар келеді.
Мерген — Jeep Wrangler
Шытырманға толы сапарларға арналған көлік сияқты, Мерген еркіндікті, саяхатты және жаңа мүмкіндіктерді жақсы көреді. Олар оптимист, ашық мінезді және тәуелсіз.
Тауешкі — Mercedes-Benz S-Class
Сән-салтанатты әрі беделді көлік секілді, Тауешкі табысқа, тәртіпке және жауапкершілікке мән береді. Олар мақсатшыл, еңбекқор және жоғары жетістікке ұмтылады.
Суқұйғыш — Tesla Model S
Инновациялық әрі болашаққа бағытталған көлік сияқты, Суқұйғыштар да ерекше ойлайтын, жаңашыл және еркін тұлға. Олар жаңа идеяларды қолдап, өзгелерден ерекшеленгенді қалайды.
Балықтар — Volkswagen Beetle
Ерекше әрі нәзік көлік секілді, Балықтар сезімтал, шығармашыл және арманшыл келеді. Өнерге жақын, қиялы бай және айналасына мейірім сыйлайтын жандар.
Аударған: А. Керімбек,


