​ЖҰЛДЫЗ белгілері АДАМДАРДАН не іздейді?

0
108


​ЖҰЛДЫЗ белгілері АДАМДАРДАН не іздейді?

Сурет: avatars.dzeninfra.ru

Адамның эмоционалды әлемі, қарым-қатынасқа деген көзқарасы мен махаббаттағы басымдықтары – бәрі жұлдыз белгісіне байланысты. Әр белгі өзіне тән серіктесті іздейді. Өзіне тән қасиеттері, мұқтаждықтары және қарым-қатынаста іздейтін ерекшеліктері бар. Қарым-қатынас жақсы болуы үшін әркім өзінің де, серігінің де қандай адамға мұқтаж екенін түсінгені маңызды.


Тоқты

Қызықты әңгіме-дүкен құра алатын, әрекетке толы, жігерлі, батыл, тыңдай білетін адамды іздейді. Зеріктіретін, тым байсалды, баяу мінезді жандарды жаратпайды.


Торпақ

Іздейді: Тұрақтылық, материалдық қауіпсіздікпен қамтамасыз ете алатын, қолдау көрсететін, мейірімді, өзі сияқты дене жанасуын ұнататын адам. Ұнатпайтыны – жиі өзгеріп, құбылып тұру, эмоциялық тұрақсыздық.


Егіздер

Зерделі, тіл табыса білетін, жаңашылдықты жақсы көретін, юморы бар, көңілді адамды іздейді. Араларында еркін интеллектуалдық байланыс орнағанын қалайды. Тым байыпты, көп сөйлемейтін, тұйық жандарды ұнатпайды.


Шаян

Іздейтіні – эмоциялық жақындық, қамқорлық, адалдық. Сенім артуға болатын, үй мен отбасыны қадірлейтін адамды жоғары бағалайды. Ұнамайтыны – суыққандылық, сатқындық, шынайылықтың жоқтығы.


Арыстан

Мақтауға, назарға, махаббат пен романтикаға мұқтаж. Жанынан тек осының бәрін бере алатын, өзін бағалайтын, тартымды, көңілді серік бола алатын адамды көргісі келеді. Өзіне сын айтатын, кейде елемеу қалатын, көзге ілмей қарайтындарды маңына жуытпайды.


Бикеш

Ұқыпты әрі тиянақты, сенімді, еңбекқор, өз-өзіне күтім жасайтын, Бикештің барлық халіне түсіністікпен қарайтын адамды қажет етеді. Бейберекет жүретіндер мен шалағай мінезділерді жақтырмайды.


Таразы

Жанында жолдас болсын, өмірлік серік болсын, теңдікке ұмтылатын, тартымды, жұптық-серіктестік қарым-қатынастарды бағалайтын адам болғанын қалайды. Өзіне қарсы шығатын, дөрекілік танытатын және «басты рөл» үшін тартысатындармен жолы екі бөлек.


Сарышаян

Кез келген қарым-қатынастан терең эмоционалды байланыс пен адалдық күтеді. Сондықтан серігінің қауіпсіздік сезімін ұялата алатын, шынайылығы жүзіне шығып тұратын, психологиялық жақындық орната алатын адам болғанын қалайды. Ұнатпайтыны – сенімсіздік, өтірік, үстірт байланыс.


Мерген

Еркіндікті, шытырман оқиғалар ды жақсы көретін Мергендерге өзі секілді өмірге құштар, ашық мінезді, саяхаттауды ұнататын, әзілқой серік керек. Шектеу қоятын, қызғаныш білдіретін, күнделікті бірсарынды өмірден жалықпайтын адамнын жанында тұрақтағысы келмейді.


Тауешкі

Жауапкершілігі мол, еңбекқор, іскер адам іздейді. Ерке, немқұрайлылық пен бос сөзді бойына сіңіргендермен сөзі жараспайды.


Суқұйғыш

Қарым-қатынастан іздейтіні – еркіндік, достық. Соған сәйкес ашық ойлы, өзгеше ойлы, қысымға алмайтын, интелектуалды, жаңашыл адам қалайды. Қызғаншақ, бақылауда ұстайтын және ескіше ойлайтындарға жұлдызы қарсы.


Балықтар

Рухани байланыс, махаббат, түсіністіктің бәсін биік қояды. Сондықтан жұмсақ мінезді, сезімтал, шығармашылыққа бейім адам іздейді.

Аударған: А. КЕРІМ БЕК,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Болмысыңыздың құпияларын бір минутта ашып береді