​Туған күніңіздегі қайталанған сандар нені білдіреді?

0
472


​Туған күніңіздегі қайталанған сандар нені білдіреді?

Сурет: dzen.ru

Кейбір даталарға назар аудармай өту қиын: 22.11.1977, 08.08.1988, 09.09.1999... Уақыт бір әуенді қайталап тұрғандай әсер қалдырады. Нумерологияда мұндай сәйкестіктерді «қайталану кодтары» деп атайды. Мұндай сандар тағдырдың, белгілі бір қабілет не қасиеттің еселеніп берілгенінің белгісі деп саналады.

Егер жалқы сан – бір тербеліс болса, оның қайталануы санның қуатын үлкен толқынға айналдырады.

Қайталану белгілі бір қасиетті тек мінез ерекшелігі ғана емес, тағдырдың негізгі бағытына айналдырады. Ғалам үшін «кездейсоқтық» деген ұғым жоқ, кездейсоқ симметрия болмайды. Сан қайталанса, ол адамның үстірт өмір сүре алмайтын саласын айқындай түседі.


Сандардың қайталануын қалай түсіндіруге болады?

Екі бірдей сан – міндеттің күшеюі. Демек, дәл осы қырыңыз мііс-әрекет, таңдау, шешімдеріңіздің негізгі жетекшісі.

Мысалы: 22.03.1984 — серіктестік, ұқыптылық, жауапкершілік, тепе-теңдікті сақтай білу.


Барлық үйлесімдердің мәні

11 — интуиция, шабыт, нәзік әлеммен байланыс

22 — еңбекқорлық, іскелік, мақсаткерлік, жауапкершілік

33 — қызмет ету, қамқорлық, жанашырлық

44 — жаңа ұүрылым құру күші, реализм, тірек

55 — қозғалыс, өзгеріс, еркіндік

66 — үйлесім, отбасы, сұлулық

77 — мағына іздеу, ішкі даналық, өзін-өзі жетілдіру

88 — күш, билік, жүзеге асыру

99 — рухани кемелдік, айқын ойлау, идеалдарға қызмет ету


Сонымен қатар, сандары екіден көп рет қайталанатын ерекше туған күндер де бар:

  • Үш бірдей сан — сан энергиясы миссияға айналады: адам бұл санның мәнін өзгелерге таратып, ықпал етеді. Мысалы: 08.08.1988 — күш, билік, сенімділік, көшбасшылықты қызмет ету жолы ретінде қабылдау.
  • Төрт бірдей сан — сан энергиясы жан жолының басты бағытына айналады: сан өмір салтын айқындайды. Мысалы: 11.11.2011 — рухани ояну, шабыт, бірақ жерге нық тірелу маңызды.
  • Бес бірдей сан — сан энергиясы ұрпақ деңгейіне шығады: уақыттың ұжымдық сабағы. Мысалы: 09.09.1999 — циклдің аяқталуы, мағыналардың жаңаруы, ескі формалардан бас тарту, ойлаудың жаңа деңгейіне көшу.

Туған күндегі қосарланған сандар — Ғаламның белгісі. «Міне, сенің күшің, сонымен қатар, жауапкершілігің» дегісі келеді. Мұндай адамдар тереңірек сезінеді, жылдамырақ әрекет етеді, өмір қарқыны да екпінді. Бірақ басты артықшығылы – ерекше болуы емес, өз кодын түсініп, оны өзінің де, өзгелердің де игілігі үшін қолдана білуінде.

Аударған: А. Керім Бек,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Бизнес-серіктестік құрарда нумерологиялық сәйкестікті қарау артық болмайды