Болмысыңызды анықтап береді
1-бейне
Сабырлы, терең әрі өте интуитивті жансыз. Құндылықтарды құрметтейсіз, кеңінен ойлай аласың. Әрекетке эмоциямен бармайсыз, алдымен әбден ойланып, саралайсыз. Адамдар сізден даналық пен ішкі тұрақтылықты көреді. Сізге ақша емес, күй маңызды: тыныштық, жақындық, шынайы қарым-қатынас. Қиындықтарды үнсіз өткересіз, бірақ әр жолы бұрынғыдан да мықты болып шығасыз.
2-бейне
Құрылым, логика және сапаны бағалайтын жансыз. Ұсақ-түйекке мән бересіз, бәрі өз орнында болғанын жақсы көресіз. Кейде перфекционизм қосылады, дәл сол қасиет алға жетелейді. Асықпай ойланып, дайындалып, жүйелеп, нәтижені жоғары деңгейге жеткізесіз. Сырттай сабырлы көрінгенмен, ішкі әлеміңізде әлдеқайда көп сезім бар.
3-бейне
Жарқын, көзге бірден түсетін жансыз. Қуатыңыз өте күшті, адамдарды шабыттандырасыз, сенімділігіңіз оларды сәл қорқытады. Мақсатқа батыл ұмтыласыз, шектеулерді ұнатпайсыз, өзіңізді байқап, бағалағанын қалайсыз. Батыл әрекет ете аласыз. Сіз үшін тәуекел – шынайы өмір сүрудің бір жолы. «Көптің бірі болу» үшін емес, «ерекшелену» үшін жаратылғансыз.
4-бейне
Өте сезімтал әрі нәзік жансыз. Әлемді көп адамнан тереңірек сезінесіз, басқалар байқамай өтетін сұлулықты көре аласыз. Шынайы сүйесіз және терең уайымдайсыз. Сіз үшін байланыс, шынайылық және «өз адамдарыңның» жанында болу маңызды. Ішіңізде ерекше жұмсақтық бар, сондықтан адамдар сізге тартылады және сенім артады.
5-бейне
Тәуелсіз, батыл әрі шынайы жансыз. Басқалардың пікіріне бейімделмейсіз, өз таңдауыңызды жасайсыз. Сіз үшін логика, еркіндік және өз-өзіңе адалдық маңызды. «Иә» деп айтпас бұрын өзіңізге: «Бұл маған шынымен керек пе?» деген сұрақ қоя білесіз. Ережеге қарсы жүруден қорықпайсыз, кейде бұл тіпті ұнайды. Сіз ережеге бағынатын емес, сол ережені қайта жазатын жансыз.
Аударған: А. Керімбек,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


