Қателесуден қорқып өмір сүрудің де соңы – өзіңді жоғалту...
Сурет: ЖИ
Жұмысы, жанұясы, басында баспанасы адамда сырт көзге бәрі жақсы көрінеді. Бірақ ішінде «өзімді, өмірдегі орнымды таптым» деген тоқмейіл сезім болмауы мүмкін. Бұл көбіне адамның өз миссиясымен үндеспей өмір сүріп жатқанын көрсетеді.
Шын мәнінде өзіңді табу деген – өз энергиясының аясында өмір сүру. Шешімді сыртқы әсерлердің салдарынан емес, ішкі үніне сүйеніп қабылдау. Өзіне тән емес рөлді ойнамау. Мүмкіндігі мен қабілеттерін қолдану.
Өзіңді жоғалтудың бір себебі өз нумерологиялық саны бойынша өмір сүрмеуден болуы мүмкін. Мысалы, 3-тік адам 5-тіктерге тән іспен айладысады, 2-лік кісі 7-ліктер сияқты өмір сүреді. Салдарынан өзіндік болмысын жоғалтады, ішкі даусын тыңдамайды. Өз шешімімен емес, өзгенің ықпалымен шешім қабылдайды.
Қателесуден қорқып өмір сүрудің де соңы – өзіңді таппау. Өз қалауын таңдаудың орнына, қателесіп қалам деген үрей жетегінде кетеді. Нәтижесінде ұзақ ойланумен уақытын сарп етеді, кейінге шегере береді, сенімділіктің келуін күтеді немесе өзгенің ақылына ереді.
«Сандар» өзін қалай жоғалтады?
1 – басқаға бағынғанда, біреудің рұқсатын күткенде өзін жоғалтады. Көшбасшылықтан қорқуын, екінші болуға келісуін доғармайынша, шынайы өзімен қауышпайды.
Өзін табудың кілті – ешкімнің ақылынсыз, қолдауынсыз өз таңдауын жасау.
2 – өзі үшін емес, басқа біреу үшін өмір сүргенде, өзіне емес, өзгеге көбірек қамқорлық жасағанда, келіспеушіліктен қашып, өз қалауларын кейінге ысырғанда ішкі «МЕН»-і жоғалады.
Өзін табуда кеңес: шекарасын қорғау, өз таңдауын жасауға дағдылану.
3 – басқалардың өзін мойындауын, мақтауын күткенде, өзін көрсетуге ұмтылмай, «Мені қашан байқар екен?» деп жүргенде, уақытпен бірге өзін де жоғалтады.
Өзін табудың жолы – біреудің сыйын, қолайлы сәтті, шабытты күтпей, қалағанына қол жеткізу үшін әрекетті өзі бастауды үйрену.
4 – бірінші болудан, өзгеше болудан қорқып, тек басқалар «дұрыс» деп белгілеген жолмен жүру, бастамашылықтан қорқу олардың қатесі.
Өзіне еркін болуға, ерекше болуға, өсуге рұқсат бергенде ғана шынайы болмысымен бетпе-бет келеді.
5 – олардың басты жауы – тұрақсыздық. Бар назарын бір мақсатта ұстау алмау, шешімдерін жиі өзгерту, көзқарасының мың құбылуы... Мұның соңы өз жолынан адасуға апарады.
Өзін табудағы ең дұрыс шешім – оңға-солға жүгіре бермей, өз бағытын таңдап, тек соған қадам басу.
6 – басқалардың бәрінің қамын ойлап, өзін ұмытқан, соңғы орынға ысырған, құрбан болуға келіскен сәтте болмысымен байланысы үзіледі.
Бұл жіп өзіне қамқорлық жасай жүріп басқаларға махаббат сыйлауды үйренгенде ғана қайта жалғанады.
7 – өзін жоғалтудың басты негізі – көп ойлану. Бәрін терең талдап, оң-солын сараптап, бірақ әрекет жасамау.
Осы әдеттен құтылып, ойындағысын іске асырмайынша, «өзімді таптым» деген тоқмейіл сезім оянбайды.
8 – бәрін дәреже-деңгеймен өлшеу, басқалардың бақылауына іліну, қолындағы биліктен айрылып қалуға қорқу – осының бәрі жолынан тайқып, өзінен адасуына себеп болады.
Кеңес: кез келген жағдайды қысым санамай, барлық уақытта басқаруды өз қолыңа алу.
9 – ой-санасын өткендегі өкініштері, өзгелердің сәтсіз тәжірибесі торлағанда, қалың тұманда адасқандай күйге түседі.
Шешімі – өткенді жіберу, ескі әрі жағымсыз нәрселерден арылу, әр күні өмірді жаңадан бастау.
Аударған: А. Мейірханқызы,


