фото: ЖИ
Нумерология — адамның мінезін, ішкі энергиясын және өзгелерге қалай әсер ететінін сандар арқылы түсіндіретін ерекше ілім. Кейбір адамдардың жанында өзіңді еркін сезінсең, енді біреулердің алдында еріксіз қысылып-қымтырылып қаласың. Енді біреулерден сақтануға мәжбүр боласың. Бұл олардың бойындағы қуат пен мінез ерекшеліктеріне байланысты болуы мүмкін.
Ал сізден адамдар неге қорқады? Бәлкім, сіздің батылдығыңыздан, өткір мінезіңізден немесе өзгелер байқамайтын шындықты бірден көре алатын қасиетіңізден шығар. Осы нумерологиялық талдау арқылы сіздің адамдарға қандай әсер қалдыратыныңызды бірге анықтаймыз.
15,18,2,20 күні туған жан болсаңыз ...
Сіздің өзгелерді үркітетін ең басты қасиетіңіз – тартымдылығыңыз. Айналаңыз сізге бір табан жақын болғысы келіп, өздігінен тартылып тұрады. Сол қасиетіңізді қасыңыздағы достарыңыз сезіп, іштей «бәрі мынаған тартылады, соның соңынан еріп кетеді, мен шетте қалып қоямын» деген ой туады.. Соның салдарынан басқа адамдар сізден алыстау жүруге тырысады, бірден өзіне бәсекелес секілді қабылдайды.
Сонымен қатар сізді алдау мүмкін емес. Сізге айтылған өтірік қалай да боласын, әйтеуір бір жолмен су бетіне қалқып шығады. Бар шындықты біліп қоя бересіз. Сондықтан өзгелер сізге өтірік айтуға қорқады.
17,19,14 күндері дүниеге келсеңіз...
Неше түрлі адамдар бар елдің көзіне түсіп, жұрт назарының өзіне ауғанын қалап тұратын. Бірақ білесіздер, басқаларды өзіне қарата алатын энергия, харизма бәрінде бола бермейді. Ал сізге бар назарды өзіңізге аудартып, бәрін аузыңызға қарататын, тамсандырып-таңдандыратын харизма – табиғатыңыздан берілген қасиет. Тіпті сіз оны жасыруға тырыссаңыз да, көрсептеу мүмкін емес. Көп жағдайда назардан тыс қалуды қаламайтындар сіздің осы харизмаңыздан қорқады.
Айдың 4,31 жұлдызында тусаңыз...
Сіздің басты қаруыңыз – тіліңіз. Кейде дәл сол тіл – жауыңыз да болуы мүмкін. Өткір де ащы тіліңізге бетің бар-жүзің бар демей айтып салатын батылдығыңыз қосылады. Онымен қоса сізде лидерлік қасиет пен тікмінезділік басым. Осының бәрі қосыла келіп, көп жанды қаймықтырады. Алдыңыздағы адамдар көп жағдайда «Тыныш отырайын, қаһарына ілігіп кетіп, сөз естіп қалармын» деп іштей қауіптеніп отырады. Артық сөз бен істен аяқ тартады.
3,30,6,24,12 туған жан болсаңыз...
Көбіне сізден өзіне қарамайтын, күтім жасамайтын адамдар қорқады. Өйткені сіз өзіңіз өте әдемі болғандықтан, басқалардың да сырт келбетіне мән беріп қарайсыз. Өзіне қарамайтын, рең-басы әбіржіген жанды көрсеңіз, жақтырмағаныңызды, іштей сөккеніңізді бет-жүзіңізбен білдіріп қоясыз. Оған қоса, қасыңыздағы достарыңыздан ерекшеленіп көзге түсіп тұрасыз. Сол себепті басқалар сіздің көлеңкеңізде елеусіз қалып қоюдан қорқады.
13, 16 жұлдыздар туған күніңіз болса...
Сізден бүткіл әлем қорқады, өйткені өз өмірлеріңізді ғана емес, басқалардың да өмірін аяқ асты өзгертіп жібере аласыз! Мысалы, бір жұмысқа жаңадан жұмысшы болып кірдіңіз делік. Сіз іске кіріскеннен бастап, неге екені белгісіз, жұмыс орнында көп нәрсе өзгере бастайды. Қаншама жыл істеген жұмысшылар кетіп, орнына жаңалары келіп, бастықтар ауысып, әйтеур бір елеулі өзгерістер бола бастайды. Энергияңыз қасыңызда жүрген досыңызға да әсер етіп, оның өмірінде ойламаған жерден күрт өзгерістер болады. Осыны аңғарған, мойындаған жандар сіз жүрген жердегі өзгерістер мен төңкерістерден жүрексінеді.
10, 28 туылған жан болсаңыз
Өте жолы болғыш жансыз. Өйткені өміріңіз қызықты, эмоцияға толы, жолыңыз болып кете береді. Сол себепті айналаңызда сізден қорқатындар емес, көре алмайтындар, қызығушылықпен, кейде қызғанышпен қарайтындар көп.
Сонымен қатар, сіз ойламаған жерден нақты шешім қабылдай салатын адамсыз. Осы қасиетіңіз де басқаларды аздап үркітеді. Қай уақытта қандай шешім қабылдай салатыныңызды болжай алмау, оған дайын болмау айналаңыздағы адамдарды әрине, қобалжытады.
9,27 күндері өмір есігін ашсаңыз...
Ең бірінші сіздегі қатты көзге түсетін қасиет ол – эмоция. Өте әсерге берілгіш, эмоцияға толы адамсыз, бірқалыпты көңіл-күйде жүре алмайсыз. Біресе күлесіз, біресе тез ашуланып кетесіз, бес минуттан кейін қарасаң сабырлы болып қаласыз. Ол аздай, сол эмоция үстінде басқаларға ауыр сөздер айтып тастауыңыз, зиян тигізетін әрекетке баруыңыз әбден мүмкін. Басқалар сізден осы себептен қорқады.
Онымен қоса сізді сөзден жеңу мүмкін емес. Тек өз позицияңызды ғана дұрыс деп ойлап, ақыл айта бересіз. Сондықтан сізбен дауласудан да көп адам аяқ тартады.
1,7,25,11,29 туылған жан болсаңыз
Барлығы сізден физикалық та, моральдық тұрғыдан да қатты қорқады. Өйткені лидерлік қабілеттеріңіз бен энергияңыз басым. Бойыңызда бәрінен озып, тез жетістікке жете білетін энергия бар. Байқасаңыз, сізді көп адам аяқтан шалып, басып тастауға тырысады, себебі сізді өзіне басты бәсекелес көреді.
8,26 туылған жандар
Сіз дүниеге белгілі бір кармамен келесіз, яғни, басқа адамдардың өміріне белгілі бір сынақ ретінде, сабақ беру үшін барасыз. Сөйтіп ол адамдардың кармасын өзгертесіз. Мысалы, адамдардың көз жасына қалған, ұрлық жасаған, көп өтірік айтып, әділетсіздік жасаған адамдардың өміріне барып, оларды құздан итергендей құлатасыз. Тиісті жазасын сіз арқылы алады. Яғни жаман болған адамдардың өмірін жаман жаққа өзгертіп жібересіздер, ал жақсы адамдарды көтермелеп жетістікке жетуіне себепші боласыз.
21, 22 күндері туылған болсаңыз
Біреуге бағынышты болып өмір сүргенді ұнатпайсыз. Бостандықты жаныңыз сүйеді. Қыдырып, ел аралап өмір сүргенді жақсы көресіз. Көп адамдар сіздің осы еркіндігіңізді ұната бермейді. Сөйтеді де, сізді өзіне бағындыруға, шектеу қоюға тырысады. Көп жағдайда бұл ешкімнің қолынан кле қоймайды, соған зығырданы қайнап жүреді. Сонымен қатар, сіздің аяқ асты, ойламаған жерден шешім қабылдайтын қасиетіңіз басқаларды қорқытады. Өйткені сіз дайын болған нәрсеге олар дайын емес
5,23 күндері туылған болсаңыз
Бойыңыздағы ең бірінші көзге түсетін қасиет – көркем сөйлеу шеберлігі, интеллекттің мықтылығы, білімге деген құштарлық болғандықтан, басқалары оны сезеді. Сол себепті сізбен сөз таластыруға қорқады, өйткені сіз сөзбен адамды шақпай өлтіресіз, мақтамен бауыздайсыз.
Әр адамның бойында өзгелерді таңғалдыратын әрі қорқытатын ерекше қасиет болады. Бұл жаман нәрсе емес, керісінше, сіздің күшті қырыңызды көрсетеді. Нумерология сол ішкі энергияны түсінуге және оны дұрыс бағытта қолдануға көмектеседі. Ең бастысы, өз қасиетіңізді қабылдап, оны артықшылыққа айналдыра білу. Себебі адамдар көбіне білмеген, түсінбеген беймәлім дүниеден қорқады.
Аударған: А. Керімбек,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Қандай автомобильге ұқсайсыз?


