"​ҚҰПИЯ САНТА": Жаңажылдық сыйлыққа бірер кеңес

0
141


Жаңа жыл қарсаңында жақындарыңызға сыйлық дайындап үлгердіңіз бе? Әлде әлі ойланып жүрсіз бе, «Не берсем болады?» деп?

Егер дос-туыс,а ата-ана, балаларыңызға не әріптес, көршіге не сыйларыңызды білмей жүрген болсаңыз, олардың жұлдызнамалық белгісіне назар аударуды кеңес етеміз.


ТОҚТЫ, МЕРГЕН, АРЫСТАН, ТАУШЕКІ

«Қалағаныңа жұмсарсың» деп сый-сияпатыңызды ақшалай ұсынған абзал. Себебі олар әр нәрсеге қуана бермейді. Тек өзінің таңдауына сүйеніп, қалағанына қол жеткізгенді жақсы көреді.


БАЛЫҚТАР, САРЫШАЯН, ТОРПАҚ, ТАРАЗЫ

Бұл белгі аясында туған танысыңызға сыйлықты заманауи гаджеттер, хит тауарлар арасынан іздеген жөн. Олар расында арзан болсын, қымбат болсын, соңғы шыққан, танымалдылыққа ие болған бұйымдарға қатты қызығады, қолданып көруге құмар.


БИКЕШ, ЕГІЗДЕР, ШАЯН, СУҚҰЙҒЫШ

Бұл белгілердегі жандар үшін материалдық дүниеден көрі рухани байлықтың, эмоцияның бәсі биік. Естеліктерді жоғары бағалайды. Сондықтан оларға эмоция сыйлайтын тосынсыйлар, күтпеген жағдайлар ұйымдастыруға болады.

Аударған: А. КЕКРІМ БЕК,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

МАУСЫМДЫҚ БОЛЖАМ: 2026 жылдың ҚЫСЫ қандай болады?