​Күнделікті әдеттеріңіз сіз туралы не айтады?

0
204


​Күнделікті әдеттеріңіз сіз туралы не айтады?

Сурет: avatars.dzeninfra.ru


Адамдар әртүрлі: біреулері ашық экстраверт, біреулері ойшыл интроверт... Кейбіреулері шытырман оқиғаларды, енді біреулер тыныш өмірді қалайды. Бұл ерекшеліктер тек мінезімізде ғана емес, күнделікті әдеттерімізде де көрініс табады. Тіпті қарапайым әрекеттеріміз, мысалы, қалай жазатынымыз немесе қалай жүретініміз, тұлғамыз біз туралы көп нәрсе айта алады.

Өз әдеттеріңізді бақылап көріңіз. Олар арқылы өзіңізді және өзгелерді жақсырақ түсінуге арналған 10 қызықты белгіні ұсынамыз.


Жазу үлгісі

Жазу үлгісі – адамның жеке автопортреті.

  • Майда жазу – мұқияттылық, жүйелілік. Мұндай адамдар әр детальға көңіл бөледі және жоспарлауға бейім.
  • Үлкен, ірі жазу — ашықтық, сенімділік, эмоцияларды білдіру. Бұл стиль көбіне экстраверт адамдарға тән.
  • Оңға немесе солға қисайған жазу — энергияны, оптимизмді немесе ойшылдықты көрсетеді.
  • Тік, симметриялы жазу — тәртіп пен өзін-өзі бақылауды білдіреді.

Мысал: Егер сіз күнделікке ұқыпты жазсаңыз, онда сіз өз ойыңызды жүйелеп, ұйымдастыра білетін адамсыз деген сөз.


Қол алысып амандасуы

Қол алысып амандасу адамның сенімділігі мен мінезін білдіреді.

  • Қатты, сенімді қол алысу — лидерлік, амбиция және шешім қабылдауға қабілеттілік.
  • Жеңіл, нәзік қол алысу — сыпайылық, интроверттік, сақтық.
  • Қысқа немесе формалды — бейтараптық немесе қызықушылықтың жоғын білдіреді.

Кеңес: Жаңа таныстықта қол алысуды бақылап, адаммен қарым-қатынасыңызды дұрыс бағалауға болады.


Жұмыс үстелі

  • Тазалық және минимализм — ұйымдастырушылық және концентрация. Мұндай адамдар міндеттерді жүйелі орындайды.
  • Аздап шашылған – шығармашылық, икемділік. Кейде үстелде ретсіздіктен жаңа идея туады.
  • Артық заттар – ұмытшақ, ойы шашыраңқы немесе бір мезетте көп іспен айналысатын адамның белгісі.

Кеңес: Жұмыс үстелін реттеу, артық заттардан арылтып тазалау ойды жинақтауға көмектеседі.


Телефондағы әдеттері

  • Жүре сөйлесу — белсенді, көп әрекет жасайтын адам.
  • Жазу немесе белгілермен сөйлесу — назарды бірнеше нәрсеге бөлуге қабілеті.
  • Қимылсыз сөйлесу — сабырлы, өзін-өзі бақылаушы.

Күнделікті телефон әдетін байқау арқылы адамның стрессті қалай басқаратынын аңғаруға болады.


Сөмке ұстау үлгісі

  • Иыққа ілу — стильге мән беру, сенімділік.
  • Алдыңғы жағында немесе арқадағы рюкзак — практикалық, мобильді, мақсатқа бағытталған.
  • Артта немесе қолмен ұстау — ойға бату, бейқамдық немесе рассеяндық.


Жүру мәнері

  • Жылдам қадам – белсенді, сенімді, энергиялы.
  • Иықты түзу, арқаны тік ұстау – амбициялы, доминантты.
  • Баяу немесе жерге қарап жүру — интроверттік, қорқақтық.

Саябақта немесе көшеде адамның жүрісінен оның сенімділігін бағалауға болады.


Ұйқыдағы қалпы

  • Арқаға жату — сенімділік, ашықтық.
  • Бүйірге жату — тепе-теңдік, икемділік.
  • Эмбрион позасы — қорғаныш сезімі, алаңдаушылық.
  • Ішке жату — шешімділік, ұқыптылық.

Кеңес: Ұйқы позициясын бақылау арқылы эмоционалды жай-күйді түсінуге болады.


Тамақтану әдеттері

  • Баяу жеу — сабырлылық, ойшылдық.
  • Жылдам жеу — белсенділік, кейде стресс.
  • Ерекше тағамдар — шығармашылық, ашықтық.
  • Дәмдерді бөлек жеу — тәртіптілік, жүйелілік.

Күнделікті әрекеттеріміз кейде ойлағаннан да көп нәрсе айтады. Әдеттеріміз біз туралы қосымша ақпарат береді: мінезімізді, сезімімізді, ойымызды көрсететін «айна» сияқты. Қосымша кеңес: Өз әдеттеріңізді бақылаңыз, олар арқылы өзіңізді және жақындарыңызды жақсырақ түсініңіз. Кішігірім өзгерістер арқылы өміріңізді жеңілдетуге болады.

Дайындаған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ