Қатты шаршағаннан кейін энергияңызды қалпына не келтіре алады?

0
286

Мергендердің шаршауын басатын ең тамаша шешім — музыка тыңдау.


Қатты шаршағаннан кейін энергияңызды қалпына не келтіре алады?

ТОҚТЫ — түрі тәбет ашарлық, эстетикалық ләззат сыйлайтын әрі дәмі тіл үйіретін тағам.


ТОРПАҚ — жақындармен өткізген жып-жылы сезімге толы сағаттар, махаббатқа толы құшақтасулар.

ЕГІЗДЕР — ұядай жылы төсекте жұмсақ жастыққа бас қою, тынышын ештеңе бұзбайтын тәтті ұйқы.

ШАЯН — ештеңе ойламай, теледидар қосып алып қызықты фильм, бағдарламалар көру.


АРЫСТАН

Арыстанның сарқылған энергиясын қайта қалпына келтіретін-жақындарының қолдауы. Жанашырларының жылы сөздері көңілін көкке көтеріп, биіктерді бағындыруға құлшынысын қайта оятады.

БИКЕШ
Әдетте реттілікпен, мінсіздікке ұмтылумен әйгілі болған Бикештер қатты шаршағанда бәріне қолын бір сілтеп, өзіне аздап тәртіп бұзуға рұқсат береді. Ол тіпті құмар ойынмен, ішімдікпен, т.б. байланысты болуы мүмкін. Бір жақсысы, белгі иелері дер кезінде өзін тоқтата біледі.

ТАРАЗЫ
Таразылар әбден діңкелеп, қалжырағанда әл-қуатты табиғаттан іздеуіне болады. Тау-тас, орман-тоғай аралау, жазық далада жорық жасау, өзен-көлге шомылу олардың бойын энергияға толтырады.

САРЫШАЯН
Белгі иелері энергияны қайдан алсам болады деп бас қатыруының қажеті жоқ. Жай ғана өзіне жайлы ортада тынықса болғаны. Ол өз үйі бола ма, кафе әлде саябақ па, дос-туыс, таныстарының үйі ме, ауылдағы қарашаңырақ па — айырмашылығы жоқ. Бастысы, сол жердің атмосферасы өзіне ұнаса болғаны.

МЕРГЕН
Мергендердің шаршауын басатын ең тамаша шешім — музыка тыңдау. Өзіне ұнайтын жанрда, сүйікті өнерпазының әуеніне елтіп жүріп бойының қалай қуатқа толып кеткенін байқамай да қалады.

ТАУЕШКІ
Жалпы, жаратылыс заңы бойынша адам ағзасына тіршілік етуге керек күш-қуатты беретін — ас-ауқат. Тауешкілер ең реалист жандар екенін кезекті рет дәлелдейді. Олар әл-қуаты кеміп, қалжырағанда құнарлы, дәмді тамақтанса болғаны.

СУҚҰЙҒЫШ
Табиғат аясындағы демалыс Суқұйғыштардың қуат алатын қайнары. Әсіресе ол жанұясымен болса, тіптен тамаша.

БАЛЫҚТАР
Шығармашылық адамдары үшін күш-қуаттың қайнар көзі-өнер екені белгілі. Балықтар да осы заңдылықтан тысқары емес. Қанша шаршап тұрса да сүйікті ісімен, шығармашылық өнермен айналысудан қол үзбегені абзал. Алғашқы бір-екі қадамды жасаса болғаны, ары қарай шабыт толқыны өзі-ақ үйіріп әкетеді.


Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

Бөлісу