​Ең ҮНЕМШІЛ ЖҰЛДЫЗ белгілері: Кім ақшаны ұқыпты ұстайды?

0
340

Өз ерекшелігіңізді білу табыс пен шығынның арасындағы алтын ортаны табуды жеңілдетеді


​Ең ҮНЕМШІЛ ЖҰЛДЫЗ белгілері: Кім ақшаны ұқыпты ұстайды?

Сурет: ЖИ

Қаржылық әдеттер мен ақшаға деген көзқарас әр адамда әртүрлі. Кейбіреулер әр тиынды есептеп, болашаққа қор жинағанды ұнатады. Енді біреулері бүгінгі күннің қуанышы үшін қаржыны аямай жұмсайды. Астрологтардың айтуынша, бұл әдетке жұлдыз белгісінің де тигізер әсері бар. Төменде жұлдыз белгілерінің үнемшілдік рейтингі ұсынылған.


1-орын – Тауешкі

Тауешкілер қаржылық мәселеде өте жауапты әрі прагматик келеді. Олар болашағын алдын ала жоспарлап, ақшаны тек негізді әрі маңызды заттарға жұмсайды. Жоспарсыз артық шығындар жасау табиғатына жат. Қаржылық тұрақтылық пен сенімділікті әрдайым бірінші орынға қояды.


2-орын – Бикеш

Бикештер әрбір тиынның қайда жұмсалғанын дәл біліп, бәрін есепке алып отырады. Олар тауардың сапасы мен бағасын мұқият салыстырмайынша, сатып алуды жүзеге асырмайды. Себепсіз шығындардан қашып, бюджетті максималды түрде тиімді пайдалануға тырысады. Олардың ұқыптылығы қаржылық тәртіпті сақтауға үлкен көмек береді.


3-орын – Шаян

Шаяндар үшін қаржылық қор отбасы мен үйінің қауіпсіздік кепілі. Әрдайым «қиын-қыстау күнге» деп арнайы ақша жинап жүреді. Артық шашылуды ұнатпайды және жақындарының болашағы үшін үнемдеуге дайын. Нақты мақсаты болса, ұзақ уақыт бойы өздерін шектеп ұстай алады.


4-орын – Торпақ

Торпақтар жайлылықты жақсы көргенімен, ақшаны ақылмен жұмсайды. Арзан әрі сапасыз заттарға қаржы жұмсағанша, ұзаққа шыдайтын сапалы дүниелерге шығындалған жөн деп санайды. Негізсіз шығындарға жол бермей, жинаған капиталын көбейтуді ойлайды. Қаржылық қауіпсіздік олар үшін негізгі қажеттіліктердің бірі.


5-орын – Балықтар

Балықтар ақшаға байланып, тәуелді болмайды, бірақ белгілі бір дәрежеде сақтық танытады. Көбіне артық шығындардан тартынып, қажетті дүниелерге ғана қаржы бөледі. Жинаған ақшасын көбінесе өздерінің ішкі әлеміне, хоббиіне немесе армандарына сақтайды. Тәуекелі жоғары қаржылық қадамдарға сирек барады.


6-орын – Егіздер

Егіздердің қаржылық әдеттері өте құбылмалы келеді. Кейде әрбір тиынды есептеп, үнемдеп жүрсе, кейде ойланбастан ірі шығындар жасай салады. Жаңа әсерлер мен білім үшін қаржы аямайды. Дегенмен, қажет кезде тез арада қайтадан үнемдеу режиміне көше алады.


7-орын – Сарышаян

Сарышаяндар ақшаны билік пен тәуелсіздік құралы ретінде көреді. Олар маңызды мақсаттары үшін жинай алады, сондықтан сырт көзге үнемшіл сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ өздерінің қалаулары үшін ақшаны аямайды, құнды деп санаған заттарына үлкен қаражат жұмсаудан тайсалмайды.


8-орын – Таразы

Таразылар қаржылық тепе-теңдікті сақтауға тырысады. Олар сұлулыққа, өнерге және жайлылыққа ақша жұмсағанды өте жақсы көреді. Кейде көңіл-ауанына беріліп, артық шығындар жасап қоюы мүмкін. Дегенмен, бюджет шектен шығып бара жатса, өзін тоқтата біледі.


9-орын – Тоқты

Белгі иелері импульсивті сатып алуларға өте бейім келеді. Затты ұнатып қалса, оның бағасына немесе кейінгі салдарына қарамастан бірден сатып алады. Олар үшін ақша – өмірден ләззат алу мен мақсатқа жету үшін жұмсалатын құрал. Ұзақ уақыт ақша жинау Тоқтыларға өте қиын тапсырма.


10-орын – Арыстан

Арыстандар сәнді өмірді, қымбат сыйлықтарды және айналасындағыларға әсер қалдыруды ұнатады. Өздеріне де, жақындарына да қаржыны ешқашан аямайды. Үнемдеу режимі олардың өмірлік принципіне мүлдем сай келмейді. Бренд бұйымдар мен жоғары деңгейлі демалыс үшін кез келген соманы жұмсауға дайын.


11-орын – Суқұйғыш

Суқұйғыштар ақшаны жаңа идеяларға және сирек кездесетін заттарға оңай жұмсайды. Олардың қаржылық жоспарлары көбінесе стандартқа сай келмейді. Болашаққа ақша жинағаннан көрі, бүгінгі қызықты идеяларды жүзеге асырғанды артық көреді. Үнемшілдік олардың басым қасиеттерінің қатарына жатпайды.


12-орын – Мерген

Мергендер – ең жомарт әрі ақшаны ең тез жұмсайтын белгі иелері. Саяхаттауға, жаңа әсерлерге және білім алуға қаржыны аямай, оңды-солды жұмсайды. Қолда бар ақшаны ертеңге сақтамай, бүгінгі қуанышқа жаратқанды қалайды. Олар үшін ақша – тек өмірді қызықты ету үшін қажетті құрал.

Әр жұлдыз белгісінің қаржыға деген өзіндік көзқарасы бар. Өз белгіңіздің ерекшелігін білсеңіз, табыс пен шығынның арасындағы алтын ортаны табу жеңілдейді.

Аударған: Х. ОРАЛ,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Мінезіңіздің ЗИЯН әкелетін көлеңкелі жақтары

ТӘН ЖАҚЫНДЫҒЫнан кейін айтуға ТЫЙЫМ салынатын тақырыптар

Астанада ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ түсірген ФИЛЬМДЕР фестивалі өтті