Астанада таңғы төртте жұмыс істегені үшін LRT құрылысындағы учаске басшысы жазаланды

0
319

​Елорда тұрғыны құрылыс жұмыстарының түн ортасында да жалғасып жатқанына шағымданып, әлеуметтік желіде жазба қалдырды.


Астанада таңғы төртте жұмыс істегені үшін LRT құрылысындағы учаске басшысы жазаланды

Фото: Астана полиция департаменті

ERNUR.KZ. Астанадағы «Майами» тұрғын үй кешенінің маңында салынып жатқан LRT құрылысының шуына тұрғындар наразылық білдірді. Әсіресе түнгі уақытта және таңғы сағат 4:00 шамасында естілген қатты дыбыстар тұрғындардың ұйқысына кедергі келтірген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Елорда тұрғыны құрылыс жұмыстарының түн ортасында да жалғасып жатқанына шағымданып, әлеуметтік желіде жазба қалдырды.

«Бұл не сұмдық? Жексенбі күні, таңғы сағат 4-те LRT -ның құрылысынан оянып кеттім. Оларға түнгі тыныштықты бұзуға кім рұқсат берген?, – деп жазды қала тұрғыны.

Тұрғынның шағымына Астана қаласы Нұра ауданының полиция басқармасы жауап берген. Полицияның мәліметінше, түнгі уақытта тыныштықты бұзу дерегі бойынша құрылыс учаскесінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін учаске басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар мұндай жағдайларға жол бермеу мақсатында онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді», – делінген полиция жауабында.