​Шымкентте аса ірі мөлшердегі “синтетикамен” есірткі тасымалдаушы ұсталды

0
156

Интернет-дүкенде есірткі ораушы әрі курьер қызметін атқарып, тыйым салынған заттарды тасымалдаған.


​Шымкентте аса ірі мөлшердегі “синтетикамен” есірткі тасымалдаушы ұсталды

Шымкент қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында есірткі таратумен айналысқан ер адамды ұстады.

Тексеру кезінде одан жалпы салмағы шамамен 500 грамм құрайтын аса ірі мөлшердегі есірткі заты тәркіленді.
Күдікті заңсыз істі жүзеге асыру мақсатында жалға алған пәтерден есірткіні өлшеп-орауға арналған заттар: зип-пакеттер, изолента және өзге де құралдар табылды.
Анықталғандай, ер адам интернет-дүкенде есірткі ораушы әрі курьер қызметін атқарып, тыйым салынған заттарды тасымалдаған.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.
Бөлісу