​Бизнес-серіктестік құрарда нумерологиялық сәйкестікті қарау артық болмайды

0
207

Нумерология келісімшартты дұрыс құруға көмектеседі. Қандай пункт қосу керек, қай тұста әсіре қатаң болуы керегін көрсетеді.


​Бизнес-серіктестік құрарда нумерологиялық сәйкестікті қарау артық болмайды

Сурет: i.pinimg.com

Бизнес-серіктестердің қарым-қатынасындағы үйлесімділік жеке қарым-қатынастағыдан да күрделірек? Жеке қатынаста қателесуге, кешірім сұрап, оны қайта түзетуге болады. Онда эмоцияларға орын бар. Кей сәттерде жұмсақтық көрсету, кешіріммен қарау, бірі алға шығуы үшін екіншісі кері ысырылып, жол беру, шыдай тұру – бәрі мүмкін.

Ал бизнесте көп нәрсеге кешіріммен қарай салмайды, «қоя берші» демейлі, түсіністік танытпайды. Себебі онда қауіп-қатерге толы қадам, тәуекелдер, қомақты қаржы, уақыт қысымы, сыртқы дағдарыстар бар. Осының бәріне екі адам бірдей жауапкершілікпен қарап, таразы басын тең ұстауға тиіс. Әйтпесе, кәсіп те, серіктестік те ұзаққа бармайды.

Егер серіктестердің сандары бір-бірімен үйлеспесе, олар қаншалықты қабілетті, кәсіптері қаншама сұранысқа ие болса да, бизнес ерте ме, кеш пе бұзылады.


Бизнес-серіктестікте нумерологиялық талдау мына сұрақтарға жауап береді:

  • Бұл адамдарды не біріктіреді?
  • Бұл одақ тұрақты болуы үшін не істеу керек?
  • Кім қандай рөл атқарады?
  • Қай жерде қақтығыс тууы мүмкін?
  • Міндеттер мен жауапкершілікті қалай бөлу керек?

Әлбетте, бизнес-серіктестікте басты бағдаршам – нумерология емес, келісімшарт. Алайда нумерология келісімшартты дұрыс құруға көмектеседі. Қандай пункт қосу керек, қай тұста әсіре қатаң болуы керегін көрсетеді.

Бизнес-серіктестікке қатысты нумерологиялық таладуда екі серіктестің де Өмір жолы саны басты назарға алынады. Өмір жолы санын табу үшін туған күндегі барлық цифрларды қосыңыз. Егер нәтиже екі таңбалы болса, оларды қайтадан бір-біріне қосып, бір таңбалы сан шығарыңыз.

Мысалы: туған күн 10.04.1988 ж. Есептейміз: 1+0+0+4+1+9+8+8 =31. Қысқартамыз: 3+1 = 4. Демек, Өмір жолы саны 4.

Осылайша екі серіктестің де санын анықтап алу қажет. Содан кейін нумерологиядағы мағынасын қараймыз.


Сандар бойынша бизнестегі типтік рөлдер

1 – Идея бастамашысы. Бұл жандар – туабітті көшбасшылар. Бір істі бастап, соңынан адамдарды ерте алады. Қауіп: шыдамсыз, соның салдарынан кей тұстарда серіктесін асықтырып, қысым көрсетуі мүмкін.

2 – Медиатор. Өмір саны «2» болған адамдарға келіссөз жүргізуді сеніп тапсыруға болады. Клиенттермен жұмысты да ойнап жүріп жасайды. Кез келгеннің тілін тауып, тауар не қызметін оңай сатады. Кемшін тұсы: тәуелділік, шешім қабылдаудан қашу.

3 – Коммуникатор. Мұндай жандар мықты маркетинг мамавны болады. Сату өнері оларға тумысынан берілген. Алайда бейберекеттік, фокустың жоқтығы бизнесті біраз қауіп-қатерге ұрындыруы мүмкін.

4 – Әкімші. «Төрттіктерге» бизнесті құрылымдау ісін, процестердің дұрыс жүргізілуін бақылауды сеніп тапсыруға болады. Тәуекелі: қаталдық, өсуді тежеп қалу.

5 – Даму стратегы. Ол үнемі нарықты зерттеу, жаңа ниша іздеу, бизнестің масштабын арттыру жолдарын қарастыру үстінде жүреді. Алайда тұрақсыздығы мен тосын шешім қабылдай салатын әдетінен қауіптенуге болады.

6 – Жүйе сақшысы. Өмір саны «6» шыққан жандарға команда құру ісі оңтайлы. Ұжымдық мәдениетті қалыптастыру арқылы кәсіптің ұзақмерзімділігіне оң ықпал жасайды. Дегенмен, бақылауға, басқаруға деген құмарлығы арнасынан асып кетуі мүмкін, содан сақ болу керек.

7 – Аналитик. Талдау-сараптаудың шебері, мықты стратег. Алайда олардың адаммен етене араласып кете алмайтын салқындығы, өзін өзгелерден қашық ұстайтыны қауіпті. Өйткені, кез келген кәсіпте ақша адамдар арқылы келеді емес пе?

8 – Басшы. Туабітті басқарушылық қабілетке ие «сегіздіктердің» алақанына ақша, билік, нәтижені басқаруды сеніп салуға болады. бәрін уысында ұстайтынына күмәніңіз болмасын. Бірақ бақылауды жүз пайыз өз қолына алғысы келіп күрес ашуы мүмкін, осы ойыңызда болсын.

9 – Идеолог. Бизнесті қандай да бір миссияға құрғанда, оған мағына беріп, құндылықтарын айқындағанда, ойы үндес тұтынушылар өздігінен ағылып келетін болады. Бұл істі «тоғыздықтарға» тапсырса, нәтижесі көңілден шықпай қоймайды. Бірақ, ондай адаммен серіктес болу үшін кейбір қияли әрекеттері мен сөздеріне кешіріммен қарауға, шынайы өмірден алшақтау болмысын қабылдауға дайын болу керек.


Үйлесімді бизнес-серіктестер

1 + 4: идея + құрылым, жоғары тұрақтылық.

3 + 8: сату + басқару, табыс өсімі.

5 + 4: даму + жүйе, хаоссыз масштабтау.

7 + 8: талдау + ресурстар, күшті басқарушылық шешімдер.


Қақтығысқа бейім жұптар

1 + 1: көшбасшылық үшін тартыс.

5 + 5: хаос, тұрақсыздық.

8 + 8: билік үшін соғыс.

Бизнес-серіктестердің өмір санының нумерологиялық талдауы – тұрақтандырғыш фактор. Оны ұстану арқылы әркімнің жеке бас ерекшеліктерін ескерсе және рөлдер дұрыс бөлінсе, тіпті қақтығысқа бейім серіктестер де бірге жұмыс істей алады.

Аударған: А. Бектұрғанова,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ДЕПРЕССИЯ: туған айыңыздың әсері бар ма?