​Айналаңыздағы әр адам сізге сабақ беру үшін келеді

0
223

Олардың сізге бере алатын өмірлік сабағын ұққан кезде қарым-қатынасқа басқа көзбен қарайтыныңыз анық.


​Айналаңыздағы әр адам сізге сабақ беру үшін келеді

Сурет: avatars.dzeninfra.ru

Адам адаммен кездейсоқ кездеспейді. Дос, көрші, әріптес, дұшпан... Бәрі бекерден-бекер болмайды. Айналаңызда пайда болған, өміріңізден өзіндік орын алған әр адам белгілі бір мақсатпен жіберіледі. Сізге қандай да бір сабақ беру үшін. Кейбірі күш беруі мүмкін, кейбірі шыдамдылыққа үйретеді, ал енді бірі өмірге басқа қырынан қарауыңызға ықпал етуі ықтимал.

Нумерологияда туған күннің сандары адамның мінезін ғана емес, басқалардың өміріңіздегі рөлін де көрсетеді деп есептеледі. Яғни туған күнінің датасына қарап, ол адам бұл өмірге, сізге қандай тәжірибе, қандай түсінік әкелетінін аңғаруға болады.


1, 10, 19, 28

Бұл күні туған адам сізге көшбасшылықтың мәнін түсінуді үйретеді. Ол өз пікіріңізді ашық айтуды, бастама көтеруді және өз өміріңіз үшін жауапкершілік алуды еске салады. Кейде мұндай адаммен қарым-қатынас бәсекелестікке ұқсап кетуі мүмкін. Бірақ оның басты сабағы – өзіңізге сену және алға батыл қадам жасау.


2, 11, 20

Бұл адамдар өмірге үйлесім мен нәзіктіктің сабағын әкеледі. Адамзатқа бір-бірін тыңдай білуді, өзгенің сезімін түсінуді және қажет кезде ымыраға келуді үйретеді. Оларға қарап қарым-қатынастағы ең үлкен күш – жұмсақтық пен сабыр екенін түсінесіз.


3, 12, 21, 29

Бұл күні туғандар өмірдің қуанышын сезінуді еске салады. Олар шығармашылыққа, еркін ойлауға, эмоцияны жасырмай жеткізуге үйретеді. Мұндай адам сіздің өміріңізге келгенде, онымен етене жақын болсаңыз, жаңа идеялар, шабыт және көңілді сәттер көбейе бастайды.


4, 13, 22

Бұл адамдар сізге тәртіп пен тұрақтылықтың маңызын көрсетеді. Жоспар құруды, еңбекқорлықты және бастаған істі соңына дейін жеткізуді үйретеді. Кейде қаталдау көрінуі, туралықтан тайқымауының салдарынан көп адамға жақпай қалуы мүмкін. Бірақ олардың басты миссиясы – өмірдің берік іргетасын қалауға, тұрақтылықты қалыптастыруға көмектесу.


5, 14, 23, 30

Бұл күні туған адамдар өзгерістердің хабаршысы іспетті. Олар сізді жайлылық аймағынан шығарып, жаңа тәжірибелерге жетелейді. Саяхат, жаңа таныстық, жаңа көзқарас – бәрі осы адамдармен байланысты болуы мүмкін. Олардың сабағы – еркіндікке ұмтылу, өмірдің сан түрлі мүмкіндігін қабылдау.


6, 15, 24

Бұл адамдар өміріңізге махаббат, қамқорлық туралы ойлар әкеледі, жауапкершілікке жетелейді. Отбасының, жақын адамдардың қадірін түсінуге көмектеседі. Мұндай адамдар арқылы жылылық, жанашырлық және адалдықтың шынайы мәнін сезінуіңіз мүмкін.


7, 16, 25, 31

Бұл күні туғандар – көбіне терең ойлайтын, рухани ізденіске бейім жандар. Олар сізді өзіңізге үңілуге, өмірдің мәнін іздеуге, ішкі тыныштықты табуға жетелейді. Мұндай адамдардың басты сабағы – даналық пен ішкі әлемді дамыту.


8, 17, 26

Бұл адамдар күш, табыс және материалдық тұрақтылықтың символы сынды. Олар мақсат қоюдың, табандылықтың және үлкен нәтижеге жету үшін еңбек етудің үлгісін көрсетеді. Кейде талапшыл болуы мүмкін, бірақ сол арқылы өзіңіздің мүмкіндігіңізді толық пайдалануды үйретеді.


9, 18, 27

Бұл күні туған адамдар көбіне даналық пен жанашырлықтың символы болып саналады. Олар сізге кешірім, түсіністік, кең ойлау секілді қасиеттерді үйретеді. Басты миссиясы – жүректегі мейірімді ояту және өткенмен дұрыс қоштасуды үйрету.

Айналаңыздағы, өміріңіздегі адамдарға бір сәт ойланып қараңыз. Олардың сізге бере алатын өмірлік сабағын ұққан кезде қарым-қатынасқа басқа көзбен қарайтыныңыз анық.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ