​Жабыспайтын қазаныңызды бүлдіріп алсаңыз, қалпына келтіруге болады

0
155

Жабыспайтын жабын қабатының бүлінуі ыдыстың қызмет ету уақытын төмендетеді, қасиетін жоғалтады және тиімділігі кемиді.


​Жабыспайтын қазаныңызды бүлдіріп алсаңыз, қалпына келтіруге болады

Қазір жабыспайтын (антипригарный) қазан, табалар сәнде. Алайда, олар өте ұқыпты ұстауды талап етеді. Олай болмаса біршама шығын шығарып алған ыдысыңыз жабыспайтын жабынды бүлдіріп аласыз. Бұл жабын жабысудың және тағам қоспаларының күйіп кетуінің алдын алады. Егер оны бүлдіріп алсаңыз, онда ол өзінің құрамын жоғалтады. Бірақ, бүлдіріп алдым деп ыдысты тастауға асықпаңыз, өйткені оны қалпына келтірудің бірнеше тәсілдері бар.


Жабыспайтын ыдыстың артықшылығы

Қолайлы және теңдей қызу тағамның күйіп кетуінен сақтайды. Тіпті жабын қабаты бүлінген күнде де кейбір артықшылықтарын сақтайды:

  • Экологиялық тазалық - майсыз немесе аз мөлшердегі маймен тамақ дайындай беруге болады.
  • Тот басуға және химиялық әсерге төзімді.
  • Салмағы жеңіл.

Алайда, жабыспайтын жабын қабатының бүлінуі ыдыстың қызмет ету уақытын төмендетеді, қасиетін жоғалтады және тиімділігі кемиді.


Жабыспайтын жабын түрлері

Ыдыстың қызмет ету, пайдалану уақыты, сапасы жабыспайтын жабын түріне байланысты болады.

  • Классикалық тефлонды жабын – қара немесе сұр түсті тегіс болып келеді және күйіп кетуден сақтайды. Оған механикалық зақымданулар жылдам әсер етеді.
  • Силиконды жабын – бұл кейінгі шыққан түрлері. Жоғарғы температураға төзімді. Алайда, жабыспайтын жабынын бүлдіріп алсаңыз, онда ол бар қасиетін жоғалтады, қолдануға жарамай қалады.
  • Керамикалық жабын – өте тегіс және төзімді, экологиялық таза. Бірақ жоғары температураны және механикалық зақымдануды көтермейді.
  • Мәрмәрлі жабын – мықты, ұзақ ұстауға болады және майсыз қуыруға төзімді. Тіпті жабыспайтын жабынын бүлдіріп алғанның өзінде өзінің қасиетін жоғалтпайды. Механикалық әсерлерге төзімді.
  • Гранитті жабын – зақымдануларға төзімді, ұзақ қызмет етеді.


Ескеру! Тефлон – материалға жатпайды. Ол DuPont компаниясының тіркелген маркасы.


Жабыспайтын жабынның тағы бір түрі – көпқабатты титанды жабын. Мұндай ыдыстың негізін алюминий құрайды, ал қорғаныш қабаты титан және алмаз үгінділерінен тұрады. Қыздырудың ең жоғары температурасы – 320 градус. Қырғышпен тазартуға және механикалық әсерлерге төзімділігі жағынан мрамор мен граниттен асып түседі.


Жабыспайтын ыдыстардың күтімі

Жабыспайтын ыдысты сатып алғаннан кейін оның бетіндегі барлық жапсырмаларды алыңыз. Жылы сумен, жұмсақ сорғымен бір жуып алып, жақсылап кептіріп қойыңыз. Егер ыдысыңыз ұзақ уақыт және мінсіз қызмет етсін десеңіз, онда мына ережелерді ұстаңыз:

  • Қатты заттарды тигізбеуге тырысыңыз. Метал бұлғауыш, ожау немесе осы секілді заттардың барлығын силиконды, ағаш түрлеріне ауыстырыңыз.
  • Ыдыс ұзақ қызмет етсін десеңіз жай немесе орташа отта дайындағаныңыз дұрыс.
  • Ыдысты қатты қыздырмаңыз. 1-2 тамшы болса да май құйған жөн және ысып тұрған ыдысқаазықтарды мұздатқыштан ала салып салмаңыз. Температураның бірден өзгеруі кез келген жабынды бүлдіреді.
  • Майлы азық қалдықтарын ыдыс ішінде қалдырмаңыз, уақытында жуып тастаңыз.
  • Ыдыс жуатын машинаға салмас бұрын өндірушінің нұсқаулығымен танысып алыңыз.
  • Қырғыш немесе метал сорғы пайдаланбаңыз.
  • Егер ас қалдығы ыдыс ішінде қалып, қатып қалған болса, онда алдымен ыдыс жуатын сұйықтық пен жылы су құйып жібітіп алғаныңыз дұрыс. Кейін пластик қозғауышпен тазартып алыңыз.
  • Жабыспайтын жабынды ыдысқа рассол, маринад дайындауға, сақтауға болмайды.


Жабыспайтын жабын қабатын бүлдіріп алған жағдайда қалпына келтіру құпиялары

Титан, керамика және тағы басқа жабынды ыдыстарыңыз бүлінген жағдайда қалыпқа келтіруге болатын, сынақтан өткен тәсілдерді жасап көріңіз.

Тефлонды ыдыстар

  • Ыдысты орташа отқа қойып, ішіне толтырып сары май салыңыз.
  • Тұзды алып тастап ыдысты таза майлықпен сүртіп алыңыз.
  • Қайнауға дейін жеткізіп, отты өшіріңіз. Суығанша күтіңіз.
  • Салқындаған соң майды құйып алып, ыдыс ішіне ірі тұз салу керек.
  • Мата майлықты алып, ыдыстың түбін, айналасын жеңіл ысқылаңыз.

Ыдысыңыз өзінің жабыстырмайтын қасиетін қайтарады, тағы біраз уақыт қызмет етеді. Ескеру! Бұл тәсілді керамикалық жабынды ыдыстарға жасауға болмайды.


Жабыспайтын жабыны бар шойын ыдыстар

Мұндай жабынды ыдыстарды қалпына келтірудің өз тәсілі бар.

  • Ол үшін алдымен ыдысыңызды жақсылап тазартып, кептіріп алыңыз.
  • Май жағылған ыдысты 170-180 градуста қызып тұрған пешке 1 сағатқа салып алыңыз. Қызған кезде шойын ыдыс майды жақсы сіңіреді. Мұндай тәсілден кейін ыдысыңызға екінші өмір сыйлайсыз.
  • Ішін жақсылап сұйық маймен майлап шығыңыз. Май тегіс жағылу үшін жаққыш қолдануға болады.


Болат және алюмин көпқабатты жабыны бар ыдыстар

Мұндай ыдыстарды да қалпына келтіруге болады. Ол үшін йодталған ұсақ тұзды ыдыстың астыңғы жағын толық жапқанша салыңыз. Қабат кемі 1 сантиметр болуы керек. Ыдысты ішіндегі тұзымен бірге қыздырыңыз. Жарты сағаттан кейін тұзды алып ішін тазартып, мата майлықпен сүртіп алыңыз.

Тек бұл тәсілдер өте қатты бүлінген ыдыстарға жарамайды.


Дайындаған: Э.Базарбаева

ERNUR.KZ.