​Ескі шаңсорғышты 10 минутта жаңа қалпына келтіруге болады

0
227

Шаңсорғыштың қуаты төмендеуі көбіне оның бөлшектерінің жағдайы мен қызмет істеуіне байланысты болады.


​Ескі шаңсорғышты 10 минутта жаңа қалпына келтіруге болады

Кез келген зат уақыты келе жаймен бастапқы қалпын жоғалта бастайды. Шаңсорғыш та солай. Қазір көпшілігіміз шаңсорғышты жиі пайдаланамыз. Тек уақыт өте оның шаң сору қуаты кеми бастайды. Ондай кезде ескірді деп бірден тастай салмай төмендегі тәсілді жасап көріңіз. Бұл тәсілдер шаңсорғыштың бұрынғыдай қуатты жұмыс істеу тиімділігін арттырады. Сонымен қатар жөндеу жұмысына төлейтін ақыңыз жаныңызда қалады.

Шаңсорғыш қуатының төмендеуі көбіне оның бөлшектерінің жағдайы мен қызмет істеуіне байланысты болады. Кейде тек құралдың ішін тазартып, шамалы шығын шығарсаңыз жеткілікті.


Сүзгі және шаңға арналған қапшықты тексеру

Сүзгі сорып тұрған сияқты көрінгенмен оған өте ұсақ шаң толып қалады. Бұл шаңды тартуды баяулатады. Шаңға арналған қапшық та тура осылай толып қалады немесе бүлінеді.

  • Сүзгіні үнемі ағып тұрған судың астында жуып тұрыңыз. Жақсылап кептіріп барып орнына салыңыз. Сонымен бірге әр жарты жылда ауыстырып тұрыңыз.
  • Циклонды және контейнерлі шаңсорғыштың тесіктерін тексеріп көріңіз. Түйіршікті, түрлі заттар тұрып қалуы мүмкін.
  • Бір реттік сүзгілерді жуып әуре болмағаныңыз жөн. Ең дұрысы жаңасына ауыстырыңыз. Осылайша шаңнан құтылып, шаңсорғышыңыз бастапқы кездегідей жұмысын жалғастыра береді.


Құбыршек және қондырмаларды тазарту

Құбыршек ішіне көбіне жіп, шаштар, ұсақ ойыншықтар тұрып қалуы мүмкін. Егер олай болса, шаңсорғышыңыз қанша күшті болса да тартуы баяулайды.

  • Шаңсорғышты тоқ көзінен ажыратыңыз. Құбыршекті бөлек алып, ұзын немесе арнайы шөткемен тазартыңыз. Қондырмаларды да бөлшектеп алып көріңіз. Оның ішіне көбіне жүн мен шаш тұрып қалады. Қарапайым бұл шара шаңсорғыштың жұмысын жақсартып, үй жинауыңызды жеңілдетеді.


Мотор бөлігіне күтім жасау

Шаңсорғыштың ішкі бөлігіне шаң жиналып, оның салқындауына кедергі келтіреді. Мотор қызады және жай жұмыс істей бастайды.

  • Егер шешу мүмкіндігі болса шаңсорғыштың қақпағын жылына бір рет ашып, фенмен үрлеңіз. Тек фенді салқын режиміне қойып алыңыз. Мұндай тазарту мотордың жұмыс істеу уақытын ұзартып, қызып кетуден сақтайды.


Төсем және нығыздағышты ауыстыру

Көбіне шаңсорғыштың шаң тартуының әлсіреуі ауаның құбыршек арқылы емес, саңылаулар арқылы сорылуынан болады.

  • Нығыздағыш резеңкелер мен төсемдерді мұқият қарап шығыңыз. Егер олар қатты немесе жарылған болса, онда оны ауыстыру керек. Оны маман шақырмай-ақ өзіңіз ауыстыра бересіз. Тек тура сол қалыптағы резеңкені тауып алғаныңыз дұрыс. Бұл аса қымбат тұрмайды, бірақ шаңсорғышыңыз күшті жұмыс істейтін болады.


Қосымша қулықтар

Кейде шаңсорғыштың күшінің әлсіреуіне адамның ойына келе бермейтін нәрселер себеп болады. Бірнеше лайфхак:

  • Құбыршекке антистатистик сеппе пайдаланыңыз. Бұл шаңның ішке тұрып, жабысып қалмауына көмектеседі.
  • Егер шаңсорғыштың бауы жөнді жиналмай, үй жинауға кедергі келтірсе, онда шарғыны бір тамшы силиконды маймен майлаңыз.
  • Қондырмаларды ауыстырып отырыңыз – кілемдегі шаңды кең қондырмаға қарағанда жіңішкесі жақсы тартады.


Шаңсорғышты жаңасына қай кезде ауыстыру керек

Үнемі күтім жасап отырғанмен кез келген техника мәңгі емес. Егер мотор жақтан қатты шу естіліп, шаңсорғыш қызып және өшіп қалып жатса – бұл тозғандығының белгісі. Мұндай кезде оны жөндету құны жаңасын алғаннан асып кетуі мүмкін.

Керек кеңес, қажеттеріңізге жарасын!


Дайындаған: Базарбаева Эльмира,

ERNUR.KZ.