Түркістандық дәрігерлер біліктіліктерін арттырды

0
559

Университетте 60-тан астам кафедра, 50-ге жуық клиникалық бөлімше бар.


Түркістандық дәрігерлер біліктіліктерін арттырды

Түркістандық дәрігерлер Ресейде біліктіліктерін арттырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының медицина ұйымдарының басшылары мен дәрігер мамандары Ресей Федерациясындағы Санкт-Петербург мемлекеттік педиатриялық медицина университетінде біліктіліктерін арттырды.


Түркістандық дәрігерлер онда ана мен балаға медициналық көмекті ұйымдастыру, ана мен нәресте өлімін төмендету бағыттары бойынша дәріс алды. Бұдан бөлек, акушерия, гинекология және педиатрия салаларында жаңа технологияларды игеру, медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында білімдерін толықтырды. Университетте 60-тан астам кафедра, 50-ге жуық клиникалық бөлімше бар. Онда жыл сайын 15 мыңнан астам заманауи ота жасалып, 100 000-ға жуық ана босанады.


Санкт-Петербург мемлекеттік педиатриялық медицина университеті - әлемдік стандарттар бойынша бірегей ана мен баланың денсаулығын сақтау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыратын орталық. Сонымен қатар, университет - Ресейдің бас ғылыми, емдеу және оқу орны.