​ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҒАСЫР ЖАСАҒАН АҚСАҚАЛ САЙЛАУҒА ҚАТЫСЫП, ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

0
141


​ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҒАСЫР ЖАСАҒАН АҚСАҚАЛ САЙЛАУҒА ҚАТЫСЫП, ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ERNUR.KZ. Созақ ауданының 100 жастағы тұрғыны Мами Дадабеков аудан орталығындағы №691 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Бір ғасырлық тарихтың куәсі болған қарияның саяси науқанға қатысуы азаматтық белсенділіктің маңызын айқындай түсті.


«Елдің болашағы – баршамызға ортақ. Әр кезеңнің өз жаңалығы мен жауапкершілігі бар. Сайлауға қатысу арқылы әр азамат өз таңдауын білдіреді. Жастарымыз ел өміріне бейжай қарамай, қоғамдық маңызы бар іс-шараларға белсенді араласуы керек», – деді Мами Дадабеков.

Айта кетейік, Созақ ауданында 38 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Ал аудан бойынша саяси науқанда дауыс беру құқығына ие 36 365 тұрғын бар. Облыс аумағында азаматтардың сайлаушылар тізіміндегі деректерін тексеруіне арналған 557 онлайн сервис, 22 шағын ХҚКО, 18 жергілікті Call-орталық және «109» бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.