ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ҮШЕМНІҢ АТА-АНАСЫ ДАУЫС БЕРДІ

0
51


ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ҮШЕМНІҢ АТА-АНАСЫ ДАУЫС БЕРДІ
ERNUR.KZ. Мәслихат депутаттарын сайлау науқанында Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылдық округінде тұратын Шапаховтар отбасы азаматтық белсенділік танытып, №309 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. Отбасының ерекшелігі – шаңырақта үшем дүниеге келген. Хасан, Хусан және Усмон есімді ұлдардың ата-анасы Аслиддин Шапахов пен Зиёда Сайдурасил өз таңдауларын жасап, маңызды саяси науқаннан шет қалмады.

Отбасымен бірге сайлауға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің, ел болашағына деген жанашырлықтың көрінісі. Мұндай өнегелі қадам өскелең ұрпаққа отансүйгіштік пен қоғамдық белсенділіктің маңызын ұғындыруға ықпал етеді. Айта кетейік, Қазығұрт ауданында барлығы 61 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Ауданда дауыс беру құқығына ие 65 551 азамат тіркелген. Сайлаушыларға өз таңдауын еркін жасауға қажетті жағдай қарастырылған.