ТҮРКІСТАН: ​КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА «МЕНІҢ ЕЛІМ – МЕНІҢ ҚАЛАМ» АТТЫ КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМА ӨТТІ

0
70


ТҮРКІСТАН: ​КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА «МЕНІҢ ЕЛІМ – МЕНІҢ ҚАЛАМ» АТТЫ КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМА ӨТТІ

ERNUR.KZ. Мәслихат депутаттарын сайлау науқаны аясында Кентау қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында орналасқан №39 сайлау учаскесінде «Менің елім – менің қалам» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.


Мәдени іс-шара барысында өнерпаздар патриоттық әндер орындап, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Концерттік бағдарлама арқылы туған жерге деген сүйіспеншілік, елге деген құрмет дәріптелді. Мұндай бастамалар сайлау күнінің мазмұнын арттырып, тұрғындардың қоғамдық белсенділігін көтеруге ықпал етеді.

Айта кетейік, Кентау қаласы бойынша барлығы 35 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Қалада дауыс беру құқығына ие 57 568 азамат тіркелген.