ТҮРКІСТАН: Сарыағашта арықтар мен иррегациялық жүйелер тазартылды

0
81

Сарыағаш қаласындағы Әйтеке би көшесінде ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта арықтар мен иррегациялық жүйелер тазартылды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы ауқымды тазалық жұмыстары өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Экологиялық акция Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында табиғатты қорғау, су көздерінің тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев бастаған аудан басшылығы, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер мен белсенді жастар қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған жұмыстарға белсене атсалысты.

Акция барысында республикалық маңызы бар магистралды канал мен оның айналасы тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар арнайы техникалардың көмегімен «Рамадан» каналының арнасы қоқыстардан тазартылып, су өткізу қабілетін жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды. Сарыағаш қаласындағы Әйтеке би көшесінде ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді.

Жалпы аудан көлемінде 50 шақырым арық-атыздар мен 70 шақырым ирригациялық жүйелер тазартылды.

Бөлісу