ТҮРКІСТАН: Сайрамда жылына 20 мың тонна ет өндіретін кешен салынып жатыр

0
61

Инвестициялық жобаның жалпы құны - 3,5 млрд теңге.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда жылына 20 мың тонна ет өндіретін кешен салынып жатыр

Сайрам ауданында жылына 20 мың тонна ет өндіретін кешен салынып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиев Арыс ауылдық округіне қарасты Қожақорған ауылында салынып жатқан ірі қара мал бордақылау кешені мен мал сою алаңының құрылыс жұмыстарымен танысты. Жобаны «BEK-AGRO» KZ шаруа қожалығы жүзеге асыруда. Инвестициялық жобаның жалпы құны - 3,5 млрд теңге.

Кешен бір мезетте 10 000 бас ірі қара мал бордақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кәсіпорын жылына 20 000 тоннаға дейін ет өнімін өндіруге қауқарлы. Өндірілген өнімдерді ішкі нарыққа жеткізумен қатар, экспортқа шығару да жоспарланған. Кәсіпорын толық іске қосылған кезде 75 жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстарын 2027 жылы толық аяқтау жоспарланып отыр.

Аудан әкімі құрылыс барысын бақылап, жауапты тұлғалармен жобаның жүзеге асырылу мерзімдері мен алдағы жоспарлар жөнінде пікір алмасты. Мұндай инвестициялық жобалар ауданның агроөнеркәсіптік әлеуетін арттырып, ауыл шаруашылығы саласының дамуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына оң ықпал етеді.

Бөлісу