ТҮРКІСТАН: Райымбек Сейтметов театры балаларға қуаныш сыйлады

0
162

10 күндік мерекелік іс-шара өз мәресіне жетті


 ТҮРКІСТАН: Райымбек Сейтметов театры балаларға қуаныш сыйлады

Түркістан қаласында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған 10 күндік мерекелік іс-шара өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осы он күн бойы Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры кішкентай көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, оларды ертегілер әлеміне саяхат жасатты.

Мерекелік бағдарлама аясында Н.Ізтаевтің «Бағдаршам – біздің досымыз!», Р.Ибраеваның «Сиқырлы кітап», А.Атымтаеваның «Кім патша?», С.Омаровтың «Ақымақ арыстан» ертегілері қаладағы жазғы лагерьлерде демалып жатқан бүлдіршіндерге, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының тәрбиеленушілеріне және кішкентай көрермендерге ұсынылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, балалардың шынайы күлкісі, қуанышы мен ыстық ықыласы біз үшін ең үлкен сый. Әрбір жарқын жүз бен шат күлкі театр өнерінің құдіретін тағы бір мәрте айқындай түсті.

Бөлісу