ТҮРКІСТАН: «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында көшпелі кездесулер басталады

0
133

Кездесулерге тек жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер ғана емес, сондай-ақ жеке кәсібін ашуды жоспарлап жүрген азаматтар да қатыса алады.


ТҮРКІСТАН: «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында көшпелі кездесулер басталады

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен көшпелі кездесулер басталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шаралар кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыру мақсатында облыстың барлық аудан-қалаларында өтеді.

Кездесулер барысында бизнес өкілдері қолданыстағы мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша жан-жақты кеңес алып, кәсіпкерлікті қаржыландыру және дамыту құралдарымен таныса алады.

Сонымен қатар қатысушыларға жеңілдетілген қаржыландыру, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, кепілдік мүлік жеткіліксіз болған жағдайда несиелерге кепілдік беру, микронесиелеу, лизингтік қаржыландыру және мемлекеттік қолдаудың өзге де тетіктері түсіндіріледі.

Кездесулерге тек жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер ғана емес, сондай-ақ жеке кәсібін ашуды жоспарлап жүрген азаматтар да қатыса алады. Олар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, қолданыстағы қолдау шараларымен танысу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар қатысушыларға «Бәйтерек» холдингінің бірыңғай фронт-офисі ұсынатын қолдау құралдары туралы ақпарат беріледі.

Жалпы, «Мобильді фронт-офис» жобасы кәсіпкерлердің орналасқан жеріне қарамастан мемлекеттік қолдау бағдарламаларының қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Мұндай формат облыс орталығына бармай-ақ білікті мамандардан кеңес алуға мүмкіндік беріп, ауылдық округтер мен аудандардағы кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасайды.

Кездесулерге Түркістан облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мамандары, екінші деңгейлі банктердің өкілдері, Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау институттарының өкілдері қатысады.

Аталған бастама Мемлекет басшысының шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды кеңейту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.

Жобаны іске асыру мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға, ақпараттық ашықтықты қамтамасыз етуге және өңірдегі кәсіпкерліктің тұрақты дамуына қосымша серпін беруге мүмкіндік береді.

Бөлісу