​«ЕКІНШІ ИЕКті» кетірудің 6 ТҮРЛІ тәсілі

0
3 213

Сонда не істеу керек?


​«ЕКІНШІ ИЕКті» кетірудің 6 ТҮРЛІ тәсілі

фото: dzen.ru

Күн суытса, тәбет ашыла түсетіні белгілі. Ал артық тамақтану салмағыңызды арттыра түскенімен қоймай, екінші иектің де көлемін ұлғайта түседі. Әрине, екінші иек артық салмақтан деп дөп басып айтуға да болмайды, екінші иектің пайда болуының себептері көп. Егер сіз екінші иектен арылғыңыз келіп, оның түрлі жолдарын қарастырып жүрген болсаңыз, бұл ақпарат сізге пайдалы болатыны сөзсіз.

Екінші иекті кетірудің тиімді 6 тәсілін меңгеріп алсаңыз, жастық қалпыңызды ұзақ уақыт бойы сақтай аласыз және өзіңізге деген сенімділігіңізді жоғалпауға үлес қоса аласыз.
Екінші иек бет пішінін ғана өзгертпейді. Жас мөлшеріңізге қарамастан 5-10 жылға қартайтып көрсететіні тағы бар.

Қыз-келіншектердің көпшілігінің басты уайымы болған, тіпті өз-өзіне күтім жасап, сымбаты келісті болған жандардың өзі бұл мәселемен жиі кезігіп жатады.
Сонда не істеу керек? Иығыңды түзу ұстап, басыңды түсірмей жүруден басқа амал бар ма? Екінші иекті кетіруге бола ма? Еңсеңіз түспесін, әрине бұл мәселеден құтылуға болады!


Салмақ тастаңыз!
Ертеден келе жатқан ескі кеңес, бірақ тиімді. Салмақ тастау қолымнан келмейді деп салыңыз суға кетпесін. Аздап қиналсаңыз да, өз өзіңізді қолға алып, артық салмақпен күресуді бастаңыз.
Тамақ рационыңызды өзгертіңіз. Майлы тағамдардан бас тартып, клетчатка пайдаланыңыз. Ал күнделікті калорияны азайтқан жөн. Бір кемшілігі, әдіс екінші иектегі майды бірден кетірмейді. Сондықтан, спортпен де айналысу қажет, яғни екі бағытты қатар ұстаңыз, ал спорт тұрғысында бет бұлшықеті басты назарда болсын.


ТҰЗ бен ҚАНТты азайтыңыз!
Тұз судың бір орында тоқтап қалуына алып келеді. Ал ағзаға су жиналған сайын бет ісініп кетеді, екінші иектің шығуы да осыдан.

Сондықтан, ағзадағы судың жүруін қамтамасыз етіп, ас қорыту жүйесін жақсарту үшін таза суды көп ішкен дұрыс

фото: fikiwiki.com

Аптасына 3 рет майлы балық тұтыныңыз
Рациондағы май мөлшерін азайту керек, дегенмен аптасына 3 рет майлы балық жеп тұрған абзал. Майлы теңіз балығы омега-3, омега-6 майларымен ағзаңызды қамтамасыз етеді. Ал мега-қышқылдар бет терісінің жақсаруына септігін тигізсе керек. Егер диета ұстау арқылы екінші иекті кетіруге ниеттенсеңіз, арықтағаннан кейін қайта шығып кетпеуін қадағалаңыз. Майшабақ, кішкентай теңіз балығынын алсаңыз, 100 грамы да жетіп артылады.


Екінші иек пен мойынға жаттығулар жасау
Аузыңызды кеңінен ашып, иегіңізді алға қарай созыңыз. Жақ астындағы бұлшықеттерді сезу үшін кішкене тоқтай тұрыңыз. Енді асықпай іске кірсіңіз, аузыңызды қатты жауып, 20-ға дейін санаңыз.

Тістеріңіз бір-біріне тіресіп тұр ма? Асықпай аузыңызды ашып, бастапқы қалыпқа келіңіз.
Ерінудің қажеті жоқ. Есесіне, аталмыш жаттығулар арқылы иек пен мойындағы әжімдер кетеді.


ЖАҚ сүйегіне косметиканы дұрыс қолдану
Бет теріңізге сәйкес келетін бет далабын дұрыс таңдап алған соң, бояу арқылы жақ сызығын көрсетіңіз.

Біріншіден, далапты дұрыс сыза отырып, жас көрініп, бетті сымбатты ете аласыз.
Екіншіден, жағыңыздың жинақылығы мен көздегі бояу бір-бірімен үйлесім тауып, жақ сүйек жаққа аса назар аударылмайды. Барынша екінші иекті жасырып көрсету үшін, көз бен беттің шығыңқы сүйегіне басымдық беріңіз.


Мойынға әшекей тақпаңыз
Егер мойныңызға әшекей бұйымдар тақсаңыз, иектегі майлар бірден байқалып қалуы мүмкін. Сондықтан, екінші иекті айқындап тұратын бұйымдардан аулақ болыңыз немесе барынша абай болыңыз.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ТЕРІҢІЗДІ ЖАҚСАРТУ үшін жасалатын 6 ТҮРЛІ маска


Негізгі 20 ӘДЕТ: сұлулығыңызды ҰЗАҚ сақтап қала аласыз