Ол заңды түрде некеге отырғанын айтты.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі, актер Дархан Мұсаев ресми түрде үйленгенін мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Ол заңды түрде некеге отырғанын айтты.
«Бүгін мен тағы бір жаңалығыммен бөліссем деп отырмын. Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Бүгін біз некеге отырдық. Ал құттықтап қойсаңыздар болады. Сүйінші. Барлығыңызға Алла жар болсын! Неке куәлігін алдық», – дейді Дархан Мұсаев.
Айта кетейік, жуырда актриса Дариға Бадықованың фильмдерге бірге түсіп жүрген серігі Олжас Абаймен көңіл қосып, шаңырақ көтергені хабарланған.


