“Тұтас бір қойды жеп қоясыздар ма?“ Бішкек мэрі шенеуніктің түскі асына аударылған ақшаға шүйлікті

0
123

Жиын барысында экранға ақша аударымының скриншоты шығарылды.


“Тұтас бір қойды жеп қоясыздар ма?“ Бішкек мэрі шенеуніктің түскі асына аударылған ақшаға шүйлікті

Фото:gov.kg

ERNUR.KZ. Бішкек мэрі Айбек Жұнушалиев муниципалды әкімшілік қызметкерлерінің бірі кәсіпкерден "түскі асқа" деп 5 мың сом (шамамен 26 мың теңге) алғанына шүйлікті. Оқиға әкімдікте өткен жиында талқыланды, деп жазады tengrinews.kz.

Жиын барысында экранға ақша аударымының скриншоты шығарылды. Жұнушалиев муниципалды қызметкерлердің бизнес өкілдерінен не себепті ақша алатынын түсіндіруді талап етті.

"Ашсыздар ма? Түскі асқа ақшаларыңыз жетпей ме? Егер солай болса, тізім жасаңыздар, ақшаны өзім беремін. Кәсіпкерлер сіздерге түскі асқа 5 мың сомнан аударады екен. Бір отырғанда бір қойды тұтас жейсіздер ме? Не жеп жүрсіздер өзі?" - деді Бішкек мэрі.

Шенеунік аудандық әкімдік басшыларын қол астындағыларға бақылаудың төмендігі үшін сынға алды. Ол қызметтік тергеу жүргізуді, оқиғаға қатысы барлардың барлығын анықтауды және кадрлық шешімдер қабылдауды, соның ішінде ақша алған қызметкерді жұмыстан шығару мәселесін қарастыруды тапсырды.

Жұнушалиев сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңбұзушылықтарға жол берген шенеуніктер атқаратын лауазымына қарамастан жауапқа тартылуы тиіс екенін атап өтті.

"Соңғы кездері бізді көп сынайды, мэрдің 5 орынбасары ұсталды дейді. Менің айтарым: қажет болса, 10-ын да, тіпті 100-ін де ұстайды", - деді ол.