Башпайыңыз қисық болса, сымбатыңызға да әсер етеді.
фото: uk.tgstat.com
Көбінесе әйелдердің дерті. Себебі, әйелдер сымбатты көрініп, сұлулығын арттыру үшін тұмсығы үшкір, биік өкшелі туфлиді жиі киеді. Башпайдың сүйегі қисайып, шодырайып шығып тұруы да көбінше осындай аяқ киімдердің әсерінен пайда болады.
Бұл негізі ортопедиялық дерттің бір түрі. Ресми атауы- халлюс вальгус.
Басты себеп - биік өкшелі аяқ киім
Медицинада халлюс вальгус термині аяқтағы дерт, яғни башпайдың сүйегі өсіп, бір жағына қарай томпайып басқа башпайларды қысып қалуын түсіндіреді. Латынша «халююс»-башпай, «вальгус»- нормадан ауытқу, қисаю деген мағынаны білдіреді.
Сүйектің қисаюынан аяқтың көрінісі жаман көірінп, ауыртып, лайықты аяқ киім табу да қиындай түседі. Башпайдың сүйегі тек қана биік өкшелі аяқ киімдерден емес, тар аяқ киім немесе башпайларды қысып тұратын басы сүйір аяқ киімнен де шығып кетеді. Ыңғайсыз аяқ киімнен башпайлар үйкеліп, қысыла беріп, ақырындап қалыңдап сүйек өседі де қисая бастайды. Сүйектің айналасындағы жұмсақ тіндер де үйкеле бергеннен ісінеді. Соның әсерінен нерв талшықтары қысылып, жаншылады. Сондықтан, аяқ киім кигенде, жүргенде ауырады. Бұл жыл өткен сайын ұлғая түседі.
Басқа да факторлар
*Тұқымқуалаушылық
*Май табандық. Мұндайда ауырлық бүкіл табанға түспейді де башпайдың қисаюына алып келеді.
*Буын аурулары, мысалы артрит
*Артық салмақ. Ауырлық табанға шамадан тыс түскен кезде башпайдың деформациясын бұзады.
Әйелдер биік өкшелі аяқ киімді мейлінше аз киюі керек. Негізі аяқ киімнің өкшесінің биіктігі 2-4 см-ден аспағаны жөн.
Аурудың белгілері көріне бастағаннан ортопед маманға тексеріліңіз.
Аяқтың және табанның бұлшықеттерін жаттықтыруға арналған жаттығуларды жасап жүріңіз.
Май табандылық, артрит, подагра секілді сырқаты бар адамдар жиі-жиі дәрігер кеңесіне жүгініп тұрыңыз.
Аяғынан тік тұрып жұмыс істейтіндер әлсін-әлсін аяқты демалдырып тұру керек.
Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз:
Қасыңыз түсіп, өспей жатыр ма? Дұрыс күтім жасауды үйреніңіз