Қазақстан Оңтүстік Азияда "Білім беру" көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

0
85

Тағы бір маңызды жетістік - Қазақстанның орта білім беру жүйесіндегі оқушылар мен педагогтер санының арақатынасы бойынша 69 елдің арасында екінші орын алуы


Қазақстан Оңтүстік Азияда

Photo : акимат

ERNUR.KZ. Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында "Білім беру" көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды, деп жазады sputnik.kz.
2025 жылғы Жаһандық инновациялар индексінің (Global Innovation Index) нәтижесі бойынша Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында "Білім беру" көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды. Әлемдік рейтингте еліміз 68-орынға шықты.
"Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD) Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде де оң динамика байқалды. "Білім беру" көрсеткіші бойынша Қазақстан 69 елдің арасында 2021 жылғы 45-орыннан 2025 жылы 38-орынға көтеріліп, соңғы бес жылдағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізді", - деп жазылған хабарламада.
Тағы бір маңызды жетістік - Қазақстанның орта білім беру жүйесіндегі оқушылар мен педагогтер санының арақатынасы бойынша 69 елдің арасында екінші орын алуы. IMD-ның Әлемдік таланттар рейтингінің мәліметіне сәйкес, елімізде бір педагогке 8,34 оқушыдан келеді.
Халықаралық рейтингтердің көрсеткіштері Қазақстанның білім беру саласындағы орнын айқындап, адами капиталды нығайтудағы білім беру жүйесін жүйелі дамытудың маңызын көрсетеді, дейді министрлікте.