​Надежда Дубовицкая Азия чемпионатында биіктікке секіруден күміс алды

0
185

Құрлықтық дода Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатыр.


​Надежда Дубовицкая Азия чемпионатында биіктікке секіруден күміс алды

Фото: Qazathletics.kz

ERNUR.KZ. Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден жабық кешендегі Азия чемпионатында күміс медальына қол жеткізді, деп жазады kaz.inform.kz.


Құрлықтық дода Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатыр.

Оның нәтижесі 1.87 метрді көрсетті.Алтын медаль Өзбекстан спортшысына бұйырса, үндістандық атлет күміс жүлдеге қол жеткізді.

Надежда Дубовицкая 1998 жылы 12 наурызда Қытайдың Семей қаласында дүниеге келген. 2022 жылы жабық ғимараттағы әлем чемпионатында қола алса, 2018, 2023 жылы Азия ойындарында үздік үштікті түйіндеді.

Сондай-ақ 2019 жылы Азия чемпионатында күміс жүлдегер болса, жабық ғимараттағы Азия чемпионатында 2023 жылы алтын, 2018 жылы қола жүлдегер атанды.

Айта кетсек, қазірге дейін құроықтық додада еліміздің атынан Алина Чистякова бессайыста, Нора Джеруто 3000 метрге жүгіру сайысында чемпион атанса, Нора Джеруто 1500 метр қашықтықта қола жүлдеге ие болған еді.

Құрлықтық дода бүгін мәресіне жетеді. Оған Asian Athletics құрамына кіретін 24 елдің спортшылары қатысып жатыр.

Азия біріншілігі бағдарламасына сәйкес ерлер мен әйелдер арасындажүгіру және кедергілер арқылы жүгіру, 4×400 м эстафетасы, секіру түрлері, ядро серпу және көпсайыс (жетісайыс) секілді 26 спорт түрінен жүлделер сарапқа салынып жатыр.