​Қазақстандық садақшылар Азия кубогында тағы екі алтын медаль жеңіп алды

0
78

Ерлер құрамасы классикалық садақ атудан жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.


​Қазақстандық садақшылар Азия кубогында тағы екі алтын медаль жеңіп алды

Фото: ҚР ҰОК

ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасы садақ атудан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия кубогының бірінші кезеңінде тағы үш медаль жеңіп алды, деп жазады inform.kz.

Ерлер құрамасы классикалық садақ атудан жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Дастан Кәрімов финалда Үндістан командасын 5:4 есебімен жеңді.

Осы бағдарламада әйелдер құрамасы да жарысты бірінші орынмен аяқтады. Шешуші кездесуде Александра Землянова, Самира Жұмағұлова және Диана Тұрсынбек Қытай құрамасынан басым түсті (6:2).
ҚР ҰОК мәліметінше, сонымен қатар блоктық садақ атудан аралас командалық сайыста Виктория Лян мен Бунед Мирзаметов Сингапур спортшыларын 152:151 есебімен жеңіп, қола медаль иеленді.