Қазақстан спортшысы тарихи медаль жеңіп алды

0
110

Амирдинов ушу саньдадан әлем чемпионы атанды.


Қазақстан спортшысы тарихи медаль жеңіп алды

фото: Қазақстанның Ушу және Кунг фу федерациясы

ERNUR.KZ. Қазақстандық спортшы Ильдар Амирдинов әлем чемпионатында топ жарды, деп жазады sputnik.kz.
Амирдинов жастар арасындағы ушу саньдадан әлем чемпионатында ел тарихында алғаш рет алтын медаль иеленді.

"48 кг салмақ дәрежесінде қазақстандық спортшы барлық қарсыласынан басым түсіп, финалда Мысыр спортшысы Ахмед Мухамедті жеңді", - деп жазылған Қазақстан Ушу және Кунг фу федерациясының хабарламасында.

Дәл осы чемпионатта Айару Мухаметова мен Әліжан Мұхаметов ушу таолудан қола жеңіп алса, Даниил Джеджула "Нань Цуань" дисциплинасында күміс медаль иеленді.

Қытайдағы чемпионат бүгін аяқталады. Оған 78 елден 1000-нан астам спортшы қатысып жатыр.