Елена Рыбакина Майами турнирінің төртінші айналымына шықты

0
128

​Елена өз соққыларында өте сенімді қимылдады.


Елена Рыбакина Майами турнирінің төртінші айналымына шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

ERNUR.KZ. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Miami Open турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ол үшінші айналымда Украина өкілі Марта Костюкті қапы қалдырды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Рейтингте 27-орында тұрған Марта Костюкпен кездесу Рыбакина үшін аса қиынға соққан жоқ. Қазақстандық теннисші екі сетте де басымдық танытып, матчты 6:3, 6:4 есебімен аяқтады.

Елена өз соққыларында өте сенімді қимылдап, маңызды брейк-пойнттарды сәтті пайдалана білді. Бұл жеңіс оған турнирдің төртінші айналымына жолдама сыйлады.

Келесі қарсылас кім?

Ширек финалға шығу үшін Елена Рыбакина енді Аустралия өкілі Талия Гибсонмен кездеседі.

«Аустралиялық теннисші қазіргі уақытта WTA рейтингінде 68-орында тұр. Мамандар бұл кездесуде де қазақстандық спортшының мүмкіндігі жоғары деп бағалап отыр», — деп хабарлайды спорт сарапшылары.