Шымкентте ЖРВИ мен тұмаудың алдын алуға ерекше назар аударылуда

0
87

ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық жоғарылаған жағдайда да қосымша шаралар қарастырылған.


Шымкентте ЖРВИ мен тұмаудың алдын алуға ерекше назар аударылуда

Шымкент қаласында ЖРВИ мен тұмаудың алдын алуға ерекше назар аударылуда.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова күзгі-қысқы кезеңдегі ЖРВИ мен тұмау эпидемиологиялық жағдайы мен алдын алу шаралары туралы айтты.

2026 жылдың 8 айында Шымкентте 147 952 ЖРВИ жағдайы тіркелген. Оның 92 661-і, 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталған. Тұмау емес вирустарды анықтау мақсатында 238 сынама зерттеліп, оның 122-сінен оң нәтиже алынған. Қыркүйек айынан бері 5967 ЖРВИ жағдайы тіркеліп, оның 2978-і балалар арасында болған. Бұл кезеңде тұмау жағдайы анықталған жоқ. Мамандардың айтуынша, күзгі-қысқы кезеңде адамдар көп жиналатын жабық орындарда, қоғамдық көлікте және білім беру ұйымдарында инфекцияның таралу қаупі артады. Осыған байланысты білім беру ұйымдарында таңертеңгілік сүзгі жүргізу, бөлмелерді тұрақты желдету, санитариялық тазалықты сақтау, антисептиктермен қамтамасыз ету және ауру белгілері бар балаларды уақытылы анықтау маңызды.
ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық жоғарылаған жағдайда да қосымша шаралар қарастырылған. Егер бір инкубациялық кезең ішінде сыныптағы оқушылардың 20 пайызы ЖРВИ-мен ауырса, 10 күн ішінде сыныптарға жаңа оқушыларды қабылдауға шектеу қойылып, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау көзделеді. Ал сырқаттанғандар үлесі 30 пайызға және одан жоғары болған жағдайда оқушыларды онлайн оқытуға ауыстыру қамтамасыз етіледі. Тұмаудың алдын алудың негізгі тәсілдерінің бірі вакцинация. Шымкентте жергілікті бюджет есебінен 150 мың доза «Гриппол+» вакцинасы сатып алынған. Вакцина осал топқа жататын азаматтарға тегін салынады.
Мамандар тұрғындарға адам көп жиналатын орындарға баруды шектеуге, қажет болған жағдайда жабық орындарда маска тағуға, қолды жиі жууға немесе антисептик қолдануға, бөлмелерді желдетіп, күнделікті ылғалды тазалау жүргізуге кеңес береді. Сондай-ақ жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды жабу, науқас адамдармен жақын қарым-қатынасты шектеу және ауру белгілері байқалған жағдайда өзін-өзі емдемей, медициналық көмекке жүгіну қажет.
Бөлісу