Оқу-ағарту министрлігінің өкілеттігі кеңейтіледі

0
115

Ереже жекелеген абзацтарды қоспағанда осы жылдың 25 қыркүйегінен, яғни қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.


Оқу-ағарту министрлігінің өкілеттігі кеңейтіледі

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

ERNUR.KZ. Үкімет қаулысымен Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеге өзгертулер енгізілді, деп жазады inform.kz.

- Министрлікке Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлікке заңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі, - делінген құжатта.

Сонымен құжатқа сәйкес, Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеге мынадай өзгертулер енгізіледі:

- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ мемлекеттік органдармен келісу бойынша олармен бірлескен актілер негізінде басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

- лицензиарларды, лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу және оларды рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу;

- мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына бекітіп берілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

- астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың білім беруді басқару органдары бірінші басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын келісу;

- әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және олардың бақылауындағы аудандарда, қалаларда орналасатын білім бөлімдері) арасында функцияларды бөлуді әзірлеу және бекіту;

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;

- бастауыш білім беру;

- негізгі орта білім беру;

- жалпы орта білім беру;

- білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша әскерилер, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру;

- білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша әскерилер, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру;

- рухани білім беру;

- кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру;

- мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру;

- меншік түріне, нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының, білім беру ұйымдарының және бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің Қазақстан Республикасының бала құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

- шетел азаматтарына асырап алуға берілген балаларды бақылауды жүзеге асыру.

Ереже жекелеген абзацтарды қоспағанда осы жылдың 25 қыркүйегінен, яғни қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

Бұған дейін орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидалары өзгерген еді.