Астанада 46 жастағы ер адамның көпірден секіріп кеткен сәті видеоға түсіп қалған

0
113

​Оны полиция ұстап, кейін дәрігерлерге тапсырған.


Астанада 46 жастағы ер адамның көпірден секіріп кеткен сәті видеоға түсіп қалған

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Бүгін, 29 қыркүйек күні 46 жастағы ер адам Астанадағы «Тұлпар» көпірінен Есіл өзеніне секіріп кеткен. Секіре сала ол жағаға қарай жүзіп, судан аман-есен шыққан, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Астана қаласының полиция департаменті оның суға секірген сәтіндегі видеосын таратып, халыққа ескерту жариялап отыр.

«102» арнасына «Тұлпар» көпірінен 46 жастағы ер адамның суға секіргені туралы хабарлама түскен. Секіргеннен кейін ер адам жағаға өзі жүзіп шыққан. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, дәрігер шақырған», - деп хабарлайды Астана қаласының полиция департаменті.

Полиция ер адамды дәрігерлерге тапсырған. Және осы видео арқылы халыққа үндеу жасап отыр.

«Суға секіру дегеніміз – баланың ойыны емес. Судың тереңдігі, ағысы, су астындағы кедергілер және басқа да жағдайлар адам өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жолы оқиға жақсы аяқталғандай көрінгенімен, мұндай әрекет ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін», - деп жазған полиция.