Шымкентте жастар саясатын дамыту бағытындағы жұмыстар қорытындыланды

0
113

Әлеуметтік қолдау бағытында «ReLife» жобасы жүзеге асырылып, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан жастармен 20 психологиялық кездесу өткізілді.


Шымкентте жастар саясатын дамыту бағытындағы жұмыстар қорытындыланды

Шымкент қаласында жастар саясатын дамыту, азаматтық белсенділікті арттыру және жастардың қоғамдық өмірге қатысуын кеңейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында 731 іс-шара ұйымдастырылып, 181 900-ге жуық жас қамтылды.

2026 жылғы 1 маусымдағы мәлімет бойынша, қалада 14 пен 35 жас аралығындағы 428 145 жас бар. Бұл қала халқының 33 пайызын құрайды. Шымкенттегі 9 жоғары оқу орнында 112 056 студент, ал 35 колледжде 49 804 студент білім алады. Жатақханаларда 11 182 орын қарастырылған, орын тапшылығы жоқ.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Таза Шым» бастамасы аясында қаңтар-қыркүйек айларында 22 500-ден астам жас қатысқан тазалық акциялары өткізіліп, 33 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, Халықаралық волонтерлер жылы аясында 170 іс-шара ұйымдастырылып, 32 мыңға жуық жас қамтылды.
Студенттердің зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған «STUDENT CONNECTION» жобасы аясындағы «Qara Quiz» сайысына мыңнан астам жас қатысты. Наурызнаманың онкүндігіне де 10 мыңға жуық студент атсалысты.
«Заң мен тәртіп» қағидасы бойынша тоғыз айда 161 іс-шара өткізіліп, 29 мыңға жуық жас қамтылды. Есірткіге тәуелділіктің алдын алу жұмыстары аясында 500-ге жуық заңсыз есірткі жарнамасы жойылып, «Шымкент – Есірткісіз қала» науқанына 2 500-ден астам жас қатысты. Бұдан бөлек, «Қауіпсіз қала – қауіпсіз қоғам» акциясы аясында 55 түнгі рейд өткізілді.
Әлеуметтік қолдау бағытында «ReLife» жобасы жүзеге асырылып, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан жастармен 20 психологиялық кездесу өткізілді. Суицид пен лудоманияның алдын алу мақсатында психологтармен 50 кездесу ұйымдастырылып, 2 мың жастың қатысуымен әлеуметтік зерттеу жүргізілді.
Жастардың әскери-патриоттық тәрбиесіне де көңіл бөлінуде. «Айбын – 2026» сайысының қалалық кезеңіне мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысып, әскери-қолданбалы және спорттық сынақтардан өтті.
Аталған жұмыстар жастардың әлеуетін дамытуға, құқықтық мәдениетін арттыруға және қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуына бағытталған.
Бөлісу