Шымкентте «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» акциясы аясында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

0
79

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қала аумағын көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінуде.


Шымкентте «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» акциясы аясында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласында қолайлы қалалық ортаны қалыптастыру, экологиялық ахуалды жақсарту және шаһардың сәулеттік келбетін көркейту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында айтылды.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қала аумағын көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінуде. Биыл магистралдық көшелерге 1,6 млн біржылдық қызғалдақ және 1,6 млн көпжылдық гүл отырғызылды. Сонымен қатар, жалпы аумағы 48 мың шаршы метр болатын арнайы клумбалар жасақталып, оларға сәндік бұталар мен гүлдер егілді. Бұл жұмыстар қаланың негізгі көшелері мен қоғамдық кеңістіктерін қамтыды.
Суды тиімді пайдалану мақсатында 73 шақырым тамшылатып суару және 30 шақырым автоматты суару жүйесі орнатылды. Ал тік көгалдандыру жұмыстары аясында 10 көше мен жолайрыққа 1 782 гүлді вазон қойылды.
Қала тұрғындары үшін қоғамдық демалыс орындарын жаңғырту жұмыстары да жалғасуда. Шымкент қаласының күніне орай қайта жаңғыртылған «Жапон» және «City Park» саябақтары пайдалануға берілді. Бұрынғы «Кең баба» саябағы аумағындағы мемлекет мұқтаждығына қайтарылған 2,34 гектар жерге сакура аллеялары, бамбук тоғайлары, сәндік тоғандар мен демалыс аймақтары бар «Жапон» саябағы қалыптастырылды. Ал бұрынғы «Қиял әлемі» саябағының аумағында заңсыз құрылыстар алынып, «City Park» жаңғыртылды. Мұнда субұрқақ, су аллеясы, жасанды көл, амфитеатр, спорт және балалар ойын алаңдары, серуендеу жолдары мен мұз айдыны қарастырылған.
Жалпы, аталған екі жоба аясында 7,2 гектардан астам аумақта заманауи қоғамдық кеңістіктер қалыптастырылды. Бұдан бөлек, бұрынғы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының орнында демеушілер қаражаты есебінен 45 гектар аумақта «Экопарк» бой көтерді. Мұнда жасанды су айдыны, жаяу жүргіншілер жолдары, шолу алаңдары мен жарықтандыру жүйесі қарастырылып, 5 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылды.
Бөлісу