Шымкентте 30 отбасы сатып алу құқығымен пәтерлерге ие болды

0
99

Жаңа баспаналар заманауи талаптарға сай салынып, қажет инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілген.


Шымкентте 30 отбасы сатып алу құқығымен пәтерлерге ие болды

Шымкентте 30 жаңа пәтердің кілтін табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Көп қабатты үйлер Бозарық және Асар-2 шағынаудандарында пайдалануға беріліп отыр. Жаңа баспаналар заманауи талаптарға сай салынып, қажет инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілген.
Пәтерлер сатып алу құқығымен жалға берілді. Баспаналы болғандар қатарында мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы және толық емес отбасылар, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген азаматтар, сондай-ақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.
Айта кетейік, пәтер кілттерін алу әр отбасы үшін маңызды оқиға болып, тұрақты әрі жайлы өмірге қадам басуға мүмкіндік берді. Қала әкімдігі тұрғын үй жағдайын жақсартуды қажет ететін азаматтардың баспанаға қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырып келеді.
Бөлісу