Қазақстанда 1,8 млн бейнекамера жұмыс істейді

0
83

Бейнебақылаумен 65 мың аула қамтылған.


Қазақстанда 1,8 млн бейнекамера жұмыс істейді

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері Қазақстанда қылмыс 15%-ға төмендеп, қылмыстардың ашылуы 5%-ға өсті. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Жыл басынан бері Қазақстанда қылмыс 15%-ға төмендеп, қылмыстардың ашылуы 5%-ға өсті, 13,7 млн әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық тәуекелдерін бағалаудың жаңа стандарты бойынша 58 мың адам тексеріліп, оның 2 мыңы тәуекел тобына жатқызылды", – деді ведомство басшысы.

Жастарды құқықтық және патриоттық тәрбиелеу үшін мектептерге 8 мың полиция қызметкері бекітілді, 267 "Жас сақшы" және 69 "Жас Бүркіт" сыныптары жұмыс істеуде: бүгіннің өзінде 1,5 мыңнан астам жасөспірімдер қылмысының жолы кесіліп, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың жалпы саны 9%-ға төмендеді.

ІІМ мәліметтері бойынша елімізде 1,8 млн камера орнатылған. Бейнебақылаумен 65 мың аула қамтылған. Нәтижесінде 13,8 мың қылмыс ашылып, 763 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

"Құқық бұзушылықтың алдын алуға еріктілер мен қоғамдық көмекшілер тартылуда. Олардың көмегімен 20 мың әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, 300 қылмыс ашылды. "Заң мен тәртіп" идеологиясын ілгерілетуге бизнес те атсалысуда", – деді Ержан Сәденов.