Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

0
109

​Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.


Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Қарағандыда жол-көлік апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қайғылы оқиға 26 қазан күні сағат 06:33-те 15-магистраль маңайында болған.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, 18 жастағы бойжеткен рульге ие бола алмай қалған.

«18 жастағы Mazda көлігінің жүргізушісі арыққа аударылып кетті. Апат салдарынан жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, ол алған жарақаттарынан қайтыс болды», – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.